К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет389/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жинағыш түтікшелер басталар бөлігінің қабырғасы бірқабатты
текше тəрізді эпителийден, төменгі бөліктерінің қабырғасы біркабатты 
призма төрізді эпителийден тұрады. Жинағыш түгікшелерге құрамыңда тұзы
аз гипотониялық несеп ағып келеді. Себебі, электролиттер негізінен 
нефронның дистальды бөлімінде сорылып, электролиттер жинағыш
түтікшелер қабырғасының сыртында жиналады. Осының нəтижесінде 
жинағыш түтікшелер куысындағы сұйық несептен, су кері қанға сорылып,

нағыз несен түзіледі.


165- сурет. Бүйректің құрылысы 
1 — дəнекер ұлпалы бүйрек қапшығы, 2 — бүйректің қыртысты аймағы, 3 — бүйрек
денешігі, 4 — нефрондардың проксимальды жəне дистальды бөлімдерінің ирек 
өзекшелері (қыртысты аймак), 5 — бозғылт сəулелер, 6 - бозғылт аймақ, 7 — түзу
өзекшелер (нефрондар ілгектерінің төмендеген жəне 
жоғарылаған бөліктері, жинағыш түтікшелер).


Юкстагломерулалы кешен несеп белуге қажет қан қысымын реттейтін
жəне су мен электролиттердің кері сорылуына ықпалын тигізетін ренин 
гормонын бөледі. Аталған кешенді дистальды өзекшенің тығыз дағы, əкелгіш
артериола қабырғасындағы эпителий тəрізді (юкстагломерулалы) жасушалар, 
əкелгіш жəне өкеткіш артериолалар аралығындағы жасушалар (Гурмагтиг
жасушалары) құрайды. 


Несеп өткізгіш жолдар құрылысы түтікше мүшелер. Бұл мүшелерге
несепағар, қуық жəне несепшығар өзегі жатады. Олардың қабырғаларын: 
ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы сірлі немесе адвентиция қабықтары
құрайды. 


Несепағар (мочеточник) — ureter — бүйрек түбегінен басталып, бел
аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. 
Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында
орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының 
құрамында қуықтың жоғарғы қабырға-сымен жанасып, оған қиғаштала еніп,


333
3-5 см -дей аралықта етті жəне кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, 


куық қуысына ашылады. Несепағардың бұлай куық қабырғасымен өтіп,


қуықтың қуысына ашылуы зəрдің бүйректен қуыққа тек бір бағытта ғана 
ағуына жағдай тудырады. Зəр қуық қуысынан кері несепағарға өте алмайды.
Себебі, қуық зəрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы 
жағынан қысып, зəрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет