К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет385/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   607
Ерекшеліктері. Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке
жатады. Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол бүйрегі лобия 
тəріздес болады. Бүйрек түбегінде мүшенің алдыңғы жəне артқы ұштарына
қарай созылып жатқан бүйрек жолдары көрінеді. Бүйрек пирамидаларының 
саны — 10-12. Оң бүйрек кұрсақ куысының бел аумағында, оң жақта, 14-15 -
інші қабырғалардан 2 -нші бел омыртқаға дейінгі аралықта, ал сол бүйрек бел 
аумағының сол жағында, 18 -нші көкірек омыртқасынан 3 -інші бел
омыртқасы аралығында орналасады. 


Сиыр бүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек түбегі болмайды,
оның орнында бүйрек емізікшелерінен шығатын бүйрек сабақшаларының 

329
бірігуінен түзілген екі негізгі өзек — несеп жолдары болады. Олардың 


қосылуы нəтижесінде бүйректен зəрді қуыққа алып шығатын несепағар


пайда болады. Бүйрек пирамидаларының саны — 8-22. Оң бүйрек құрсақ 
куысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырғалар мен 2-3 -інші бел
омыртқалардың аралығында орналасады. Бүйректің пішіні ұзынша сопақ 
болып келеді. Сол бүйрек көбіне оң бүйректен соң, бел аумағының
оңжағында, 2 жəне 5 -інші бел омыртқалардың аралығында орналасады. Бұл 
жағдай мес қарынның азықпен толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда,
мес қарын азыққа толып, сол бүйректі бел аумағының оң жағына қарай 
ығыстырады. Сол бүйректің артқы ұшы алдыңғы ұшына қарағанда қалыңдау
болып келеді жəне сəл бұралып тұрады. 


Қой мен ешкі бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек
пирамидаларының саны — 10-16. Оң бүйрек құрсақ қуысы бел аумағының оң 
жағында, 12-13 -інші қабырға мен 2 -нші бел омыртқа аралығында, ал сол
бүйрек оң бүйректің артқы жағында (мес қарынның ығыстыруы нəтижесінде) 
3 жəне 6 -ншы бел омыртқалар аралығында жатады.

Шошқа бүйректерінің пішіні лобия тəрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек.
Бүйрек

пирамидаларының


саны


10-12.

Олардың
əрқайсысы 
тостағаншалармен қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне ашылады. Екі
бүйрек те бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң жəне сол 
жақтарында, 1-4 -інші бел омыртқалар тұсында қатар орналасады.

Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің
пішіні тараққа ұқсас. Бүйрек пирамидаларының саны — 12-17. Екі бүйрек те 
бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң жəне сол жақтарында, 1-3-інші
бел

омыртқалар


аралығында 
қатар
орналасады. 

Бүйрек
түбегінде 


тостағаншаның орнында түтікшелер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет