К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет391/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

куыктың орталық байламын (ligamentum vesicae medianum) түзеді. Бұл
байламда, іштөлінің аллантоис қапшығымен жалғасатын несепжолы 
(urachus) жəне ұрық жолдасқа (плацентаға) қан апаратын кіндік 

артериялары жатады. Сақа жануарларда аталған қан тамырлары куықтың 

жұмыр байламына (ligamentum teres vesicae) айналады.

Ерекшеліктері. Жылқыда қуықтың денесі мен мойнының вентральды
бетінде сірлі қабық болмайды. Қуық үшбұрышы анық көрінбейді. 

334



Сиыр мен ұсақ малдарда несепағар тесіктері бір-біріне жақын 
орналасқандықтан, қуық үшбұрышы білінбейді. Бұқалар мен қошқарларда
несепағар қыры несеп-жыныс өзегінің ұрықтық төмпешігіне дейін созылады. 


Шошқада несепағар қатпары жұп болады. Қуық үшбұрышы айқын
көрінеді. 


Итте де қуық үшбұрышы анық көрінеді.

Қуыктың гистологиялық құрылысы. Куықтың қабырғасы да
кілегейлі, етті жəне сірлі (адвентиция) қабықтардан тұрады. Қуықтың 
кілегейлі қабығы үш қабагган тұрады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін
көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның астындағы 
өзіндік тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың
ортаңғы етті қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де, борпылдақ 
дəнекер ұлпасынан құралған. Өзіндік тақташа мен кілегейліасты йегізде,
зəрге толғанда қуық қабырғасының созылып, ал зəрден босағаннан соң, оның 
қайтадан қалпына келуіне ықпалын тигізетін эластин талшықтары көптеп
кездеседі. Кілегейлі қабықтағы кілегейліасты негіздің жақсы жетілуі 
қуықтың кілегейлі қабығының қатпарлы болып келуіне əсерін тигізеді.
Сондықтан, қуықтың қабырғасы өте созылғыш келеді. Тек, қуықтың мойны 
тұсында ғана кілегейлі кдбықта кілегейліасты негіз болмайды. Осыған
байланысты қуық мойнының ішкі бетінде қатпарлар да болмайды. Ортаңғы 
етті қабығының құрылысы несепағар қабырғысының құрылысына ұқсас, яғни
ол ішкі, сыртқы ұзынша жəне олардың арасындағы ортаңғы сақинаша 
бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттарынан тұрады. Етті
қабықтың ортаңғы сақинаша қабаты қуық мойнында, оның қысқыш етіне 
айналады. Қуықтың төбесі мен денесі сыртынан сірлі қабықпен, ал мойны
адвентиция қабығымен қапталған. 


Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) — urethra — қуық
мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып 
кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс
өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс 
кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын құрайды.

Аналық уретра (urethra feminina) жамбас қуысындағы қынаптың
вентральды бетінде қуық мойны мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында 
жатады. Оның сыртқы тесігі кынап пен несеп-жыныс кіреберісінің
шекарасына ашылады. Аналық уретраның кілегейлі қабығы көпқабатты 
ауыспалы эпителиймен астарланған. Онда ұсақ кірмелер болады. Кілегейлі
кабықтың астында бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген етті қабығы 
жатады. Уретраның соңғы бөлімінде етті қабық сыртынан көлденең жолақты
бұлшық ет ұлпасы қабатымен қапталып. оның қысқыш бұлшық етін түзеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет