К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет392/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   607
Ерекшеліктері. Биенің аналық уретрасының ұзындығы 6-8 см. Сиыр, 

қой жəне шошқа уретрасының вентральды қабырғасында қалташа
(дивертикул) болады. Оның кіреберіс тесігі уретраның сыртқы тесігінің 
артқы жағында орналасады.


335



Несепшығар өзегінің гистологиялық құрылысы. Түтікше мүше 
ретінде несепшығар өзегінің қабырғасы да үш қабықтан: кілегейлі, етті жəне
адвентиция қабықтарынан тұрады. Жануарлардың түрлеріне жəне өзектің 
басталар, ортаңғы, соңғы бөлімдеріне байланысты несепшығар өзегінің
кілегейлі қабығын көпқабатты ауыспалы немесе көпқабатты призма тəрізді, 
болмаса көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны
борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабатта эластин талшықтары 
болады. Етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі ұзынша жəне
сыртқы сақинаша қабаттарынан құралған. Оның сыртқы қабығы адвентиция. 
Зəр бөлу мүшелері жүйесі бойынша бақылау сұрақтары: 

І.Зəр бөлу мүшелері қандай бөлімдерден тұрады? 


2.Бүйректің жануарлар организмдеріндегі орналасу орындарын (топофафиясын) еске
түсіріп, олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктеріне 
тоқталыңыз.
З.Бүйректің қандай түрлерін білесіз? Оларға сипаттама беріңіз.
4.Бүйректің ішкі құрылысы жəне маңызы.
5.Несеп өткізу мүшелерін атап, олардың орналасу орындары мен құрылысына жəне 
жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
6."3əр бөлу мүшелері" тақырыбы мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді 
сөздікке көшіріп алып, оларды жаттаңыз.


КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ 

Кебею мүшелері (органы размножения) — organa genitalia — жануарлар
түрдерінің саҚталуы мен Ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелердің 
жиынтығы. Жануарлардың көбею мүшелері бірнеше белімдерден тұрады.
Олар: жыныс бездері (еркек жануарларда ен, ұрғашы жануарларда 
жұмыртқалық); жыныс жолдары (еркек жануарларда ен қосымшасы, шəует
жолы, несеп-жыныс өзегі; ұрғашы жануарларда жатыр түтігі (жұмыртқа 
жолы), жатыр; қосалқы жыныс бездері (еркек жануарларда қуықалды,
баданалық, көпіршікше); жыныстық қатынас мүшелері (еркек жануарларда 
жыныстық мүше (пенис), ұрғашы жануарларда сыртқы жыныс мүшелері,
несеп-жыныс кіреберісі жəне қынап). Жыныс бездерінде кыныс жасушалары 
(сперматозоидтар, овоциттер) дамып, көбею процесін реттейтін гормондар
түзіледі. Жыныс жолдары ұрықтану процесі мен ұрықтың дамуын 
қамтамасыз етеді. Эмбриондық кезенде жыныс бездерінің паренхимасы
мезодерманың нефрогонадотомынан, ал стромасы мезенхимадан дамиды. 
Жыныс жасушалары сарыуыз қапшығы қабырғасында жетіліп, қан арқылы
болашақ жыныс бездеріне келіп қоныстанған гаметобласттардан дамиды. 
Жыныс бездеріндегі жыныс жасушаларының дамып, пісіп жетілуін
қамтамасыз ететін тіректік жасушалар (еңде сустентоциттер, жұмыртқалыкта 
фолликулалық жасушалар) мезотелийдің жыныс қатаарынан (буылтығынан)
дамиды. Гормондар бөлетін эндокриноциттер мезенхимадан жетіледі. 

336
Көбею мүшелері жануарлардың жынысына байланысты еркек (аталык) 


жəне ұрғашы (аналық) жануарлардың көбею мүшелері болып екіге бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет