К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


жұмыртқалық, ал микрогаметалар, яғни сперматозоидтар (шəует құрамындағы аталық жыныс жасушалары) пісіп жетілетін мүше ен



бет394/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жұмыртқалық, ал микрогаметалар, яғни сперматозоидтар (шəует
құрамындағы аталық жыныс жасушалары) пісіп жетілетін мүше ен— деп 
аталды. Осы негізгі жыныс мүшелерінің (бездерінің) жетілуіне байланысты,
жануарлар организмдері дара жынысты жануарлар дүниесіне, яғни еркек 
жəне ұрғашы жануарларға бөлінді. Организмдегі дене қуысы қабырғасында
орналасқан жыныс мүшелерінде пісіп жетілген жыныс жасушалары сыртқы 
ортаға шығару өзектері арқылы шығарылды. Бұл өзектер еркек жəндіктерде
шəует жолы, ал ұрғашы жəндіктерде жұмыртқа жолы — деп аталады.
Омыртқасыз жəндіктерде жыныс жасушалары аталған шығару 
өзектері арқылы тікелей сыртқы ортаға шығарылады. Хордалы
жануарларда дене құрылысының күрделенуіне жəне олардың тіршілік 
жағдайының өзгеруіне сəйкес, жыныс жолдарының құрылысы да əр түрлі
дəрежеде өзгеріп, күрделеніп отырды. Төменгі сатыдағы хордалы 
жануарларда жыныс жолдары сыртқы ортамен тікелей қатыспайды. Олар
пісіп жетілген жыныс жасушаларын алдымен ішек түтігінің соңғы түтіқше 
бөлімі — клоакаға, содан соң, ұрықтану үшін, клоакадан қоршаған сыртқы
ортаға шығарды. Суда тіршілік ететін хордалы жануарлардың ұрықтануы 
организмнен тыс сулы ортада жүреді. Сондықтан, олардың жыныс
мүшелерінің, оның ішінде жыныс жолдарының құрылысы да тым қарапайым 
болды. Жыныс жасушаларының құрылысы мен пішіні де сулы ортада
ұрықтануға жəне дамуға бейімделген. Белгілі бір жыл маусымында сулы 
ортада қалыптасатын қолайлы жағдай (жылу, күн сəулесі т.б.) ұрықтану
нəтижесінде пайда болған біржасушалы организм — зиготаның дамуына 
толық мүмкіншілік береді. Осы кезде жыныс жасушалары сыртқы сулы
ортаға шығарылып, ұрықтану процестері жүреді. 
Жануарлардың тіршілік жағдайының өзгеруі олардың организмдер
құрылысының өзгеруіне, оның ішінде жыныс мүшелері құрылысының да 
өзгеруіне ықпалын тигізді. Мысалы, суда тіршілік ететін хордалы


338
жануарлардың құрлыққа шығуы, олардың дене құрылысының белгілі 


дəрежеде күрделенуіне əкеліп соқтырғаны баршамызға мəлім. Жануарлар


дүниесінде осы құбылыстың көбею мүшелерінің құрылысы мен пішініне 
тигізген ықпалы зор болды. Біріншіден, жануарлардың ұрықтану ортасы
өзгерді. Судағы сыртқы ұрықтану организмде жүретін ішкі ұрықтануға 
ауысты. Ал ішкі ұрықтану еркек жəне ұрғашы жануарлардың жыныстық
қатынасының арқасында іске асты. Бұл процестің іс жүзіне асуы өз кезегінде 
жыныс мүшелері құрылысының күрделенуіне ықпалын тигізді. Ұрықтану
процесі ұрғашы жануардың жыныс жолдарында жүрді. Егер ұрық 
организмнен тыс сыртқы ортада жүретін болса, онда оның дамуын
қамтамасыз ететін керекті қоректік заттар жұмыртқа жасушасында қор 
ретінде жиналып, ұрықтанған жұмыртқаны кебуден сақтайтын арнайы
қабықтар түзілді. Осыған байланысты жұмыртқа салушы ұрғашы 
жануарлардың жыныс мүшелері ұрықтану процесінің жүруіне жəне
жұмыртқадағы қоректік заттарды жинау мен қорғаныс қабықтарын түзуге 
бейімделіп, олардың құрылысы белгілі дəрежеде күрделенді. Ал кейбір еркек
жануарларда спермийлерді аналық жыныс жолдарына енгізіп, жыныстық 
қатынасты қамтамасыз ететін арнайы жыныстық мүше (пенис) дамып
жетілді. Бұндай көбею мүшелері жұмыртқа салу арқылы дамитын 
бауырымен жорғалаушыларға, құстарға жəне сүтқоректілерге (үйректұмсық,
ехидна) тəн. 
Ішкі ұрықтану процесінің одан əрі күрделенуі, одан пайда болған ұрық
іштөлінің аналық жыныс мүшелерінде дамуы мен өсіп жетілуі көбею 
мүшелерінің құрылысындағы күрделі құрылымдардың қосымша жетілуіне
зор ықпалын тигізді. Ұрғашы сүтқоректі жануарларда жұмыртқалық пен 
жұмыртқа жолдарында қосымша іштөлі өсіп жетілетін жатыр жəне
жыныстық қатынасты камтамасыз ететін қынап жəне несеп-жыныс 
кіреберісі, ал еркек жануарларда ен мен шəует жолдарында қосымша несеп-
жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше — пенис (қамшы, 
қаса, түкі), енқап, күпек дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет