К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет450/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. 

Жылқыда
омыртқалық 
артерия
бүғанаасты 
артериясынан үшінші болып ажырайды. Ол шүйде жəне терең мойын
артерияларымен жалғасып жатады. 


Күйіс қайтаратын жануарларда омыртқалық артерия мойын
аумағының дорсальды бүлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар 
үшін, олардың негізгі артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-
мойын бағаны (truncus vertebro-cervicalis) — деп аталады. Бүл артериядан 
білік омыртқа (екінші) мен үшінші мойын омыртқалардың аралығында,
айдаршық артериясымен жалғасатын артерия тармағы бөлінеді. Ол ми 

388
сауытының ішінде каудальды эпидуральды ғажап торды (rete mirabile 


epidurale caudalis) жасауға қатысады. Аталған артерия тармағы бөлінгеннен


кейін, омыртқалық артерия төмендеген тармақ (r. descendens) ретінде шүйде 
аумағының тереңдегі бүлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді.

Шошкада да омыртқалық артерия мойын аумағының дорсальды
бүлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар үшін, олардың негізгі 
артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-мойын бағаны (truncus
vertebro-cervicalis) - деп аталады. 


Итте омыртқалық артерия бұғанаасты артериясынан бірінші болып
ажырайтын ірі артерия. 


Кабырға-мойын бағаны (truncus costo-cervicalis) алдыңғы қабырға
аралық

артерия
мен

дорсальды
жауырын

артериясы


ажырайтын 
магистральды артерияның негізін құрайды. Қабырға-мойын бағаны жылқыда
бүғанаасты артериядан бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын 
жануарлар мен шошқада терең мойын жəне омыртқалық артериялармен
бірге, ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет