К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет458/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   607
Сыртқы үйқы артериясы (наружная сонная артерия) — a. carotis
communis — жануарлар денесі бас аумағының ми сауыты жəне бет бөлімі 
мүшелері мен олардың куыстарын артерия канымен камтамасыз ететін
негізгі магистральды қан тамыры. Сыртқы ұйқы артериясы жалпы ұйқы 
артериясынан ішкі ұйқы артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Сыртқы
ұйқы артериясы бассүйек негізінің бойында S əрпі тəрізді иілім жасайды. 
Осы тұста сыртқы ұйқы артериясынан бас аумағын қоректендіретін негізгі
магистральды артериялар кезегімен ажырайды. Олар: 


1. Шүйде артериясы (затылочная артерия) — a. occipitalis — сыртқы
ұйқы артериясының дорсальды қабырғасынан бөлініп, атланттың қанат тесігі 
арқылы, оның дорсальды бетіне шығады да, атлант-шүйде жəне атлант-білік
буындарының бұлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді. Шүйде 
артериясы бөлінген тұстан бастап, жалпы ұйқы артериясы сыртқы ұйқы 

артериясы — деп аталады. Шүйде артериясынан өз кезегінде бастың ми
сауыты аумағына төмендегідей артерия қан тамырлары бөлінеді: 


1) айдаршық артериясы (a. condylaris) тіласты өзегі арқылы ми
сауытының куысына өтеді; 


2) ми қабығының каудальды артериясы (a. meningea caudalis) самай
жолы арқылы ми сауытының қуысына өтіп, ол жерде айдаршық жəне 
омыртқалық
артериялардың 
тармақтарымен
жалғасып, 
каудальды
эпидуральды ғажап торды (rete mirabile epidurale caudale) түзуге қатысады.

Ерекшеліктері. Жылқыда шүйде артериясынан құлақтүбі (шық-шыт)
сілекей безіне арналған бездік тармақ (r. glandularis) бөлінеді. 

394



Күйіс қайтаратын жануарларда аталмыш артериядан өз кезегінде 
бірнеше артерия тармақтары ажырайды. Олар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет