393
ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ
Ішкі ұйқы артериясы (внутренняя сонная артерия) — a. carotis interna
— жалпы ұйқы артериясынан
дорсальды бағытта бөлініп, шүйде сүйегінің
жырымдалған тесігі (foramen lacerum) арқылы ми сауытының ішіне еніп,
миды артерия қанымен қоректендіретін негізгі қан тамыры.
Жылқы мен
итте ішкі ұйқы артериясы жақсы жетілген. Жылқыда ішкі
ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан
бөлінер алдында кеңейіп
басталады. Артерияның бұл бөлігін
ұйқы артериясының қойнауы (synus
caroticus) — деп атайды. Ішкі ұйқы артериясы ми қорабының ішінде миды
қоректендіретін
ұйқы-негіздік артерияны (a. carotico-basilaris), ал итте
алдыңғы жəне
артқы үйқыаралық артерияларды (a. intercarotica rostralis
et caudalis) түзеді.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада
ішкі ұйқы артериясы тек
іштөлдерінде ғана жақсы жетілген. Сақа жануарларда ішкі ұйқы артериясы
қалдық түрінде, дəнекер ұлпалық желі ретінде сақталған. Ол шүйде
артериясының жетілмеген бір тармағы болып есептеледі.
СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: