К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет459/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

1) өрлеме таңдай артериясы (a. palatina ascendens) жұтқыншактың етті
қабығы мен жұмсақ тандайды қоректендіреді; 


2) терең біз-емізікше артериясы (a. stylo-mastoidea profunda) біз-
емізікше тесігі арқылы бет өзегіне еніп, оның қабырғасын тамырландырады; 


3) ми қабығының орталық артериясы (a. meningeamedia) ми сауыты
куысына жырымдалған тесік арқылы өтіп, ми қабығын тамырландырады. 


Шошқада шүйде артериясынан: біз-емізікше тесігі арқылы бет өзегіне
өтіп, оны тамырландыратын біз-емізікше артериясы (a. styloas toidea) 
айдаршық артериясымен бір жерден бөлінеді.

Итте шүйде артериясынан:
1) краниальды көмекей артериясы (a. laryngea cranialis) ажырап, өз
кезегінде жұтқыншақ жəне көмекей тармақтарын (rr. pharyngeus et laryngeus) 
бөледі. Олар аталған мүшелерді артерия қанымен қамтамасыз етеді.

2) өрлеме жұтқыншақ артериясы (a. pharyngea ascendens) жұмсақ
таңдай мен жұтқыншаққа артерия тармақтарын (rr. palatini et pharyngei) 
бөледі. Сонымен қатар, шүйде артериясынан бөлінетін ми қабығының
каудальды артериясынан өз кезегінде ортаңғы құлақтың дабыл куысын 
тамырландыратын каудальды дабыл артериясы (a. thympanica caudalis)
ажырайды. 


2. Тіл артериясы (язычная артерия) — a. linqualis — сыртқы ұйқы
артериясының S əрпі тəрізді иілімінің төменгі бұрышынан басталып, негізгі 
тіл бұлшық етінің медиальды бетімен бойлай алға бағытталып, иек-тіл
бұлшық етінің латеральды жиегі арқылы тілдің ұшына дейін өтеді. Оның 
соңғы тармақтары тілдің ұшында терең тіл артериясы (a. profunda linquae) -
деп аталады. Тіл артериясы өз кезегінде көршілес орналасқан мүшелерге 
бірнеше тармақгар бөледі. Олар:
1) төменгі жақ сілекей безін тамырландыратын без тармақтары (rr. 
glandulares);
2) тіласты сүйек маңындағы ұлпаларды қоректендіретін тіластымаңы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет