395
тамырлы ойығымен төменгі жақтың сыртқы латеральды беті арқылы бас
аумағының бет бөліміне шығып, бет артериясы — деп аталады.
3. Бет артериясы (лицевая артерия) — a. facialis — канатша бүл-шық
еттің медиальды бетімен өтіп, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығы арқылы
бастың бет бөлімінің латеральды бетіне шығады да, үлкен шайнау бұлшық
етінің алдыңғы
жиегімен жоғары көтеріліп, бастың бет бөлімін
қоректендіретін артерия тамырларына бөлінеді.
Бет артериясынан ажырайтын артерия тармактары:
1) төменгі жақ безін қоректендіретін
без тармағы (г. glandularis);
2) тіласты-иек бұлшық етін қоректендіретін
тіласты артериясы (a.
sublinqualis);
3)
төменгі ерін артериясы (a. labialis inferior);
4)
жоғарғы ерін артериясы (a. labialis superior). Жоғарғы ерін
артериясын бөлгеннен соң, бет артериясы өз кезегінде екі артерияға
ажырайды. Оның біріншісі, бастың мұрын
аумағын қоректендіретін
алдыңғы бүйірлік мұрын артериясы (a. lateralis nasi rostralis), ал екіншісі,
жоғары жəне артқа қарай бағытталып, бастың көз аумағын тамырландыратын
Достарыңызбен бөлісу: