К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет464/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Шошқа мен итте терең каудальды самай артериясы ми кабығының
орталық артериясынан кейін бөлінеді. Бұларда да, терең каудальды самай 
артериясынан үлкен шайнау бұлшық етіне ірі артерия тармағы бөлінеді.

3. Қанатша бұлшық ет тармақтары (крыловидные ветви) — гг.
pterygoidei — қанатша шайнау бұлшық етін тамырландыратын ірі артерия 
тармақтары.

4. Төменгі альвеола артериясы (нижняя альвеолярная артерия) — a.
alveolaris inferior — төменгі жақ өзегіне кірер алдында төменгі жақтың 
көлденең бұлшық етін қоректендіретін артерия тармағын бөліп, төменгі жақ
өзегі ішінде тістерді қоректендіретін тіс тармақтарын (гг. dentalis) ажыратады 
да, иек тесігі арқылы шығып, тұмсықтың иек аумағын тамырландыратын иек
артериясына (a. mentalis) айналады. 


Ерекшеліктері. Шошқада иек артериясьшьщ тармақтары медиальды
иек тесіктері арқылы сыртқа шығып, төменгі ерінді тамырландырады. 


5. Ұрт артериясы (щечная артерия) — a. buccalis — үрт аумағын
қоректендіред і. 


Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда үрт артериясынан
самай бұлшық етін қоректендіретін алдыңғы терең самай артериясы (a. 
temporalis profunda rostralis) жəне мидың эпидуральды "ғажап торын" жасауға
қатысатын алдыңғы жəне артқы эпидуральды ғажап торы тармақтары 
(rr. caudalis et rostralis ad rete mirabile epidurale rostrale) бөлінеді. Соңғы
аталған артерия тармақтары ми сауыты куысына көздік-дөңгелек тесік 
(foramen orbitale-rotundum) жəне сопақ тесік (foramen ovale) арқылы енеді.
Ит пен шошқада ұрт артериясынан:
1) алдыңғы терең самай артериясы самай бұлшық етін қоректен діреді. 
2) көз бұрышының артериясы (a. angularis oculi),
3) жоғарғы жəне төменгі ерін артериясы (a. labialis superior et inferior) 
бөлінеді.


398
Көз бұрышы артериясынан өз кезегінде төменгі қабақ артериясы (a. 


palpebralis inferior) жəне ауыз езуінің артериясы (a. angularis oris) ажырайды.


Олар аталған бас аумақтарын тамырландырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет