К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет465/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

6. Сыртқы көздік артериясы (наружная глазничная артерия) — a.
ophtalmica externa — доға тəрізді иіліп, торлы сүйек тесігіне (foramen 
ethmoidale) енгеннен кейін, сыртқы торлы артерия (а. ethmoidalis externa)
— деп аталады. 
Көз аумағында сыртқы көздік артериясынан көзге жəне оның көмекші
мүшелеріне төмендегідей тармақтар бөлінеді. Олар: 
1) көз жасы безіне арналған көз жасы артериясы (a. lacrimalis);
2) көздің медиальды бұрышын тамырландыратын шығырасты 


артериясы (a. subtrochlearis);
3) көздікүсті тесігі (foramen supraorbital) арқылы көздіктен бастың 
сыртқы маңдай аумағына шығып, оның терісін тамырландыратын көздікүсті 

артериясы (a. supraorbitalis);
4) көздің бұлшықеттеріне, көздің кілегейлі қабығына, жоғарғы, төменгі 
қабықтарға арналған артерия тармақтары.

Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда
көздікүсті артериясы көздіктің ғажап тамырлы торын (rete mirabile 
ophtalmicum) жасайды.

7. Беткей ұрт артериясы (поверхностная щечная артерия) — а. malaris
— маңдай аумағына, мұрынға, төменгі қабыққа жəне үшінші қабыққа 
арналған тармақтар бөледі.
8. Көздікасты артериясы (подглазничная артерия) — а. infraorbitalis — 
көздікасты өзегі арқылы төмен бағытталып, тістерді қоректендіретін артерия
тармақтарын бөледі. 


Ерекшеліктері. Шошкада аталған артерия тармақтарынан баска,
мұрын аумағын тамырландыруға бүйірлік мұрын тармақтарын ажыратады. 


9. Төмендеген таңдай артериясы (нисходящая небная артерия) — a.
palatina descendens — қанат-тандай шұңқырына бағытталып, бірнеше артерия 
тармақтарына ажырайды. Олар:
1) жұмсақтаңдай мен жұтқыншақ қабырғасын тамырландыратын кіші 


таңдай артериясы (a. palatina minor);
2) таңдай өзегі арқылы өтіп, қатты тандайдың кілегейлі қабығын, 
жоғарғы жақ сүйек пен жоғарғы жақ қойнауын қоректендіретін үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет