400
тамырландырып, өзінен бүйрекүсті безін қоректендіретін бүйрекүсті безінің
краниальды артерияларын (аа. suprarenales craniales) бөледі.
Ерекшеліктері. Жылқыда каудальды диафрагма артериясы болмайды.
Күйіс қайтаратын жануарларда жəне
шошқада каудальды диафрагма
артериясы көбіне іш артериясынан бөлінеді.
Итте каудальды диафрагма артериясы іш артериясымен бірігіп, құрсақ
қолқасынан жалпы артерия бағаны ретінде ажырайды да, содан кейін, іш
артериясынан бөлінеді.
2. Краниальды құрсақ артериясы (краниальная брюшная артерия) —
a. abdominalis cranialis — құрсақ қолқасынан 1-2 -нші бел омыртқалары
тұсынан, краниальды шажырқай артериясымен қатар ажырайтын жұп
артерия. Краниальды құрсақ артериясы бел жəне құрсақ бұлшық еттерін
артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: