К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ІШКІ МЫҚЫН АРТЕРИЯСЫНЫҢ ПАРИЕТАЛЬДЫ



бет485/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ІШКІ МЫҚЫН АРТЕРИЯСЫНЫҢ ПАРИЕТАЛЬДЫ 


ТАМЫРЛАРЫ 

1. Мықын-бел артериясы (подвздошно-поясничная артерия) — a. ilio-
lumbalis — ішкі мықын артериясынан ажыраған бойда, мықын сүйектің ішкі 
жамбастық бетімен бойлай жүріп, оның сербек жағындағы сыртқы жағына
шығады да, бел, бөксе жəне санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық 
еттерін тамырландырады.


412



Ерекшеліктері. Жылқыда мықын-бел артериясы краниальды бөксе 
жəне жапқыш артерияларымен бірігіп, қысқа артерия бағаны болып
басталады. 


Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бұл артерия ішкі мықын
артериясынан екінші, ал итте бірінші болып ажырайды. 


2. Краниальды боксе артериясы (краниальная ягодичная артерия) — a.
glutaea cranialis — мықын сүйек қанатының алдыңғы (дорсальды) жиегі 
тұсынан басталып, үлкен шонданай ойығы арқылы аттас жүйкемен бірге
бөксе бұлшық еттеріне барып, оларды тамырландырады. Барлық үй 
жануарларында краниальды бөксе артериясы тым жақсы жетілген.

Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды бөксе артериясы мықын-бел
жəне жапқыш артерияларымен бірге бір артерия бағаны болып, ішкі мықын 
артериясынан басталады.

Күйіс кайтаратын жануарларда краниальды бөксе артериясы ішкі
мықын артериясынан екінші, шошқада төртінші, ал итте екінші артерия 
тармағы болып ажырайды.

3. Жапқыш артериясы (запирательная артерия) — a. obturatoria —
аттас жүйкемен бірге мықын сүйегінің денесі бойымен төмен қарай 
бағытталып, жапқыш тесігі аумағындағы жапқыш бұлшық еттерін
тамырландырады. Жапқыш артериясынан: 


а) мықын-сан артериясы (a. iliaco-femoralis) бөлініп, одан өз кезегінде
бөксе бұлшық еттерін, санның төртбасты бұлшық етін жəне санның жалпақ 
шандырын кергіш бұлшық етін тамырландыратын өрлеме артерия тармағы
(г. descendens) ажырайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет