К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ə) мықын сүйекті қоректендіргіш артерия



бет486/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ə) мықын сүйекті қоректендіргіш артерия (a. nutritia ilii) бөлінеді.
Жапқыш артериясы жамбас қуысынан шыққан бойда, латеральды жəне 
медиальды артерия тармақтарына ажырайды. Латеральды артерия тармағы
жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бұлшық еттері мен санарты 
бұлшық еттер тобын қоректендіреді. Ал медиальды артерия тармағы еркек
жануарларда ортаңғы жыныстық мүше артериясы (a. penis media) — деп 
аталып, жыныстық қатынас мүшесін тамырландырады. Аталмыш артерия
ішкі жəне сыртқы жыныс артерияларыньщ тармақтарымен жалғасады. Ал 
ұрғашы жануарларда бұл артерия ортаңғы клитор артериясы (a. clitoridis
media) — деп аталып, клиторды қоректендіреді. 


4. Каудальды бөксе артериясы (каудальная ягодичная артерия)— a.
glutaea caudalis — ішкі мықын артериясынын, соңғы тармағы. Ол аттас 
жүйкемен бірге кіші шонданай ойығы арқылы жамбас қуысынан шығып,
санның екі басты бұлшық етін тамырландырады. 
Ішкі мықын артериясынан жылқыда жамбас қуысында жоғарыда,
аталған, париетальды артериялардан басқа қосымша париетальды артерия 
тармақтары ажырайды. Олар:

а) қүйымшақ тармақтары (гг. sacrales) құйымшақ пен бөксе
аумағының бұлшық еттері мен терісін тамырландырады; 

413



ə) орталық құйрық артериясы (a. caudalis mediana) орталық кұйымшақ 
артериясынын; жалғасы. Ол құйрық бұлшық еттерін қоректендіреді. Орталық
құйрық артериясы 2-3 құйрық омыртқаларының тұсында вентро-латеральды 
құйрық артериясын (а. caudalis ) бөледі. Вентро-латеральды құйрық
артериясы құйрықтық сегменттік тармақтарға ажырайды. Соңғы артерия 
тармақтары
құйрықгы 
тамырландыратын
дорсо-латеральды 
құйрық
артериясын (а. caudalis dorso-lateralis) түзеді. 
ІШКІ МЫКЫН АРТЕРИЯСЫНЫҢ ВИСЦЕРАЛЬДЫ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет