414
ағады. Кіндік артериясы ішкі мықын артериясының бірінші тармағы. Кіндік
артериясынан:
а) несепағар артериясы (a. ureterica) несепағарды қоректеңдіреді;
ə) краниальды қуық артериясы (a. vesicalis cranialis) қуықты
тамырландырады;
б) шөуетжолы артериясы (a. deferentialis) еркек жануарларда
шəуетжолын қоректендіреді. Ал
ұрғашы жануарларда ортаңғы жатыр
артериясы (a. uterina media) — деп аталады да, жатырды тамырландырады.
Ерекшеліктері. Жылқыда ортаңғы жатыр артериясы сырткы мықын
артериясынан ажырайды.
Итте кіндік артериясынан
жоғарыда аталған
артериялардан басқа каудальды қуық артериясы жəне каудальды жатыр
артериясы бөлінеді.
3. Каудальды куық артериясы (каудальная пузырная артерия) — a.
vesicalis caudalis — қуыкты тамырландырады. Каудальды қуық артериясы
еркек жануарларда қуықалды без артериясымен (а. prostatica), ал үрғашы
жануарларда каудальды жатыр артериясымен (a. uterina caudalis)
бірге бір
артерия бағаны болып басталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда каудальды қуық артериясы ортаңғы тік ішек
артериясымен бірге ішкі жыныс артериясынан бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: