К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет496/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

6. Асықты жіліктің артқы артериясы (задняя болыпеберцовая
артерия) — a. tibialis caudalis, жылқыда жақсы, ал басқа жануарларда нашар 
жетілген. Жылқыда бұл артериядан асықты жілікті коректендіретін тармақ
жəне латеральды каудальды кайыкша артериясы ажырайды. Соны 
артериядан ажыраған өкше тармақтары өкшелік тамырлы тор (rete
cakaneum) түзеді Аталған артерия тармақтары ажырағаннан кейін, асықты 
жіліктің артқы артериясы сафена артериясымен қосылып, плантарлы аяқ
басы артерияларын құрауға қатысады. Күйіс қайтаратын жануарларда 
асыкты жіліктің артқы артериясынан медиальды қайықша тармақ. ал

шошқада айналмалы шыбық тармағы ажырайды.
Жамбас куысы мен артқы аяқ артериялары бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Ішкі мықын артериясының жамбас қуысы қабырғасын (сауыр, бөксе) 


тамырландыратын қандай париетальды артерия тармақтарын білесіз?
2. Жамбас қуысындағы ішкі мүшелерді ішкі мықын артериясынын кандай 
артериялары қоректендіреді?
3. Сырткы мықын артериясынын кандай артерия тармақтары жамбас-ортан 
жілік буыны аумағын тамырландырады?
4. Терек сан артериясынын артерия тармақтары кандай дене аумақтарын 
тамырландырады?
5. Сан артериясының кандай артерия тармақтары сирақ аумағын коректендіреді? 

6. Тобыкасты артериясы кандай негізгі артерия тармақтарына ажырайды?


7. Асықты жіліктің алдыңғы жəне артқы артерияларының негізгі артерияларын ахал, 
олардың тамырландыру аумақтарын еске түсіріңіз.
8. Сафена артериясының артерия тармақтары арткы аяқтың кандай аумақтарын 
тамырландырады?
9. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, 
оларды жаттаңыз.


420



ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 
Жануарлар дене мүшелерінен қан жүрекке вена қан тамырлары 

(көктамырлар) арқылы жеткізіледі. Көптеген вена тамырлары катар жатқан


аттас артериялар жəне жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын 
құрайды. Соңдықтан, тамыр-жүйке будаларындағы вена тамырларының
атаулары да, қатар орналасқан артерияларға сəйкес келеді Дегенмен, вена қан 
тамырларының тек өздеріне тəн құрылымдық заңдылықтары мен тармақталу
ерекшеліктерінің бар екендігін атап еткен жен. Соңдықтан, вена 
тамырларына тəн морфологиялық заңдылыктарға тоқтала кетейік. Олар:
1. Жануарлар организмдерінде артерияларға сəйкес келмейтін, 
өздерінше жеке дара жататын веналар да кездеседі. Бұларға: жануарлар
денесіндегі краниальды жəне каудальды қуыс веналар, көкірек керегесінің 
тақ веналары, бауырдағы қақпақтық вена, бас аумағындағы терең бет жəне
ұрт веналары жатады. 
2. Жануарлар денелерінде тамыр-жүйке будалары құрамындағы терең
магистральды веналардан басқа, тері астында беткей орналасқан веналар да 
болады. Оларға: мойын аумағындағы сыртқы күре-тамыр (мойындырықтык)
венасын, кеуде жəне құрсақ кабырғасының төменгі бөліктеріндегі, алдыңғы 
жəне артқы аяқтардағы тері асты веналарын жатқызады. Аяқтардың төменгі
бөліктеріндегі, буындар аумақтарындағы теріасты веналарында жəне 
олардың ірі негізгі əкеткіш вена бағандарына ашылатын тұстарында көптеген
жалғамалар болады. 
3. Кейбір тамыр-жүйке будаларындагы артериялармен қатар өтетін,
артериямен аттас веналардың саны бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы 
жəне ішкі күретамыр венасы т. б.
4. Вена тамырлары бір-бірімен өзара жалғасып, көптеген жалғамалар 
(анастомоздар), венатораптарын, вена доғаларын жəне вена тамырларының
торларын түзеді. Веналардың арасындағы жалғамалардың көп болуы вена 
қан тамырлары жүйелері қызметінің жоғары деңгейде жүретіндігінің жəне
вена тамырларының өз қызметтерін еш кедергісіз атқаратындығының белгісі. 
5. Вена қан тамырларының қабырғасы артерия қан тамырларының
қабырғасына қарағанда жұқа болып келеді. Веналардың ішкі кабығы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет