418
Итте сафена артериясы дорсальды жəне плантарлы артерия
тармақтарына бөлінеді Дорсальды тармақ терінің астымен жіліншік
сүйектеріне карай бағытталып, I-IV дорсальды жалпы башпай артерияларына
(аа. digitales communes dorsales I-IV) ажырайды. Бұлардың əр кайсысы
латеральды жəне медиальды башпай артерияларына бөлініп, олар өз
кезегінде бақайдың арнайы дорсальды артерияларына ажырайды. Ал
плантарлы артерия тармағының тармақталуы шошқа сафена артериясының
тілерсек буынының плантарлы бетіндегі тармакталуына уксас.
в) тобықтың проксимальды артериясы — a. genus proximalis, сан
артериясынан орган жіліктің дистальды бөлік тұсынан бөлініп, тобық буыны
аумағының медиальды бетіндегі терісін артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Аталған артерия тармақтары ажырағаннан кейін, балтыр бұлшық етінің
латеральды жəне медиальды бастарының аралығамен өтеді де, тобықасты
артериясына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: