К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет495/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4. Тобықасты артериясы (подколенная артерия) — a. poplitea, тобық
буынының плантарлық бетіндегі сан артериясының жалғасы. Тобықасты 
артериясы балтыр жəне тобықасты бұлшық еттерінің астыңғы жағымен өтіп,
оларға жəне тобық буынына қоректендіргіш артерия тармақтарын бөліп, 


тобық буынының тамырлы торын (rete articulare genus) түзгеннен кейін,
асықты жіліктің алдыңғы жəне артқы артерияларына ажырайды. 


5. Асықты жіліктің алдыңғы артериясы (передняя большеберцовая
артерия) — a. tibialis cranialis, сирақ сүйектерінің сүйекаралық кеңістігі 
арқылы асықты жіліктің дорсальды бетіне шығып, оның дистальды бөлігіне
қарай бағытталады да, асықты жіліктің алдыңғы жағындағы бұлшықеттер 
мен асықты жілікті қоректендіретін артерия тармақтарын бөледі. Тілерсек
аумағында алдыңғы асықты жілік артериясы дорсальды аяқ басы 


артериясы (a. dorsalis pedis) — деп аталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда дорсальды аяқ басы артериясы тескіш
тілерсек артериясын бөлгеннен кейін, IIІ дорсальды жіліншік артериясы — 
деп аталады. Жіліншіктің орта тұсында III дорсальды жіліншік артериясы
дистальды тескіш тармақ ретінде, III жəне IV жіліншік сүйектердің арасымен 
аяқ басының дорсальды бетінен плантарлы бетіне шығып, III медиальды
бақай артериясы болып жалғасады. 


Күйіс 

қайтаратын 

жануарларда
асықты

жіліктің


алдыңғы

артериясынан алдыңғы қайықшы артериясы мен сиырда II-IV, қой мен



ешкіде тек III жалпы дорсальды бақай артерияларын бөлгеннен соң, аяқ
басының дорсальды артериясына айналады. Бұл артерия өз кезегінде 
латеральды, медиальды жəне тескіш жіліншік артерияларын ажыратқаннан
кейін, III дорсальды жіліншік артериясы болып жалғасады. 


Шошқада асықты жіліктің алдыңғы артериясы сирақтың краниальды
бетін қоректендіретін: алдыңғы асықты жіліктің қайтарма артериясын жəне 
сирақтың сүйекаралық артерияларын бөледі. Сүйекаралық артерия сирақ
сүйектерінің арасымен дистальды бағытта өтіп, асықты жіліктің алдыңғы 
артериясымен қосылатын тескіш тармак, ал сирақтың дистальды бөлігінде


419
асықты жіліктің артқы артериясымен жалғасатын қосымша тармақтар бөледі. 


Қосымша тармақтан өз кезегінде медиальды қайықша тармаш ажырайды.


Аталған тармақтар бөлінгеннен соң, сүйекаралық артерия латеральды 
қайықша тармақ болып жалғасады. Сирақтың дистальды бөлігінде асықты
жіліктің алдыңғы артериясы дорсальды аяқ басы артериясы — деп аталады. 
Ол проксимальды тескіш тілерсек, дистальды тескіш тілерсек жəне III
дорсальды жіліншік артерияларына ажырайды. 


Итте асықты жіліктің алдыңғы артериясы краниальды кайтарма асықты
жілік тармағы мен беткей тармақтар бөлгеннен кейін, дорсальды аяқбасы 
артериясына айналады. Өз кезегінде бұл артерия литеральды жəне
медиальды тілерсек жəне доға артерияларына ажырайды. Доға артериясынан 
II-IV дорсальды жіліншік артериясы бөлінеді. Жіліншіктің проксимальды
бөлігінде II дорсальды жіліншік артериясынан II проксимальды тескіш 
тармақ бөлініп, терең плантарлы доғамен қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет