К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет517/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды лимфа түйіндері тобында
ұзындығы 0,4-2,5 см 30-40 майда лимфа түйіндері болады. Ортаңғы топта 
кейде жекеленген, кейде 15-30 лимфа түйіндері бірігіп, лимфа түйіндерінің
тізбегін құрайды. Каудальды топты 20-30 -дай лимфа түйіндері құрайды. 


Күйіс қайтаратын жануарлардың краниальды тобында 4-6, ортаңғы
тобында 1-7, ал каудальды тобында 2- 4 лимфа түйіндері болады. Шошқада 
краниальды жəне ортаңғы топтардағы лимфа түйіндерінің саны тұрақты
емес, ал каудальды топта 2-6 лимфа түйіндері болады. Итте терең мойын 
лимфа орталығының түйіндері тым майда, сандары əр түрлі болады.


АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ 


І.Қолтық лимфа орталығы (подмышечный лимфоцентр) - 1с. axillare 
— бірнеше лимфа түйіндерінің топтарын құрайды. Олар:

1) өзіндік қолтық лимфа түйіндері иық буынының артқы жағында,
үлкен жұмыр бұлшық еттің медиальды бетінде орналасады. Бұл орталық 
лимфаны алдыңғы аяқтан жинайды.


438



Ерекшеліктері. Жылқыда ұзындығы 0,2-3 см болатын 12-30 шақты 
майда лимфа түйіндері қатар жатып, ені 3-4 см, ұзындығы 4-7 см -дей тізбек
түзеді. Лимфаны мойынның каудальды лимфа түйіндеріне өткізеді. Күйіс 


қайтаратын жануарларда лимфаны аталған лимфа түйіндері бірінші
қабырға тұсына жақын орналасқан қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді. 


Шошқада бұл лимфа түйіндері болмайды. Итте қолтық лимфа түйінінің
ұзындығы 5 см -ге дейін жетеді. Аталған лимфа түйіндерінде жиналған 
лимфа оң жақта кеңірдек бағанына, сол жақта көкірек өзегіне құяды;

2) 1-қабырғаның лимфа түйіндері бірінші қабырға тұсында, иық
буынының медиальды бетінде орналасады. Лимфаны алдыңғы аяқтан
мойынның вентральды бұлшық еттері мен иық белдеуінің бұлшық еттерінен
жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек бағанына, көкірек өзегіне немесе 
мойынның терең лимфа түйіндеріне өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет