К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Лимфа түйінінің гиетологиялық құрылысы



бет511/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Лимфа түйінінің гиетологиялық құрылысы. Лимфа туйіні құрылысы
жағынан паренхималы қан жасау мүшесі. Ол стромадан жəне паренхимадан 
тұрады. Лимфа түйінінің стромасын оның сыртқы тығыз дəнекер ұлпалы
қапшығы мен одан мүше ішіне қарай торлана таралып жатқан перделіктер 
(трабекулалар) кұрайды. Ал паренхимасының негізі ретикулалы ұлпадан
тұрады. Лимфа түйінінін паренхимасы лимфоидты ұлпадан түзілген. Лимфа 
түйіні сыртынан тығыз дəнекер ұлпалы қапшықпен қапталган. Қапшық
негізінен коллаген талшықтары мен олардың аралығында қатарынан 
орналасқан фиброциттерден тұрады. Қапшықтың ішкі бетінде лимфа
тамырлары кабырғаларына өтіп жалғасып кететін эластин талшықтары 
болады. Дөңес жағының қапшығы қақпа жағына қарағанда жұқалау келеді.
Қақпа бетіндегі қапшық құрамында бірыңғай салалы ет ұлпасының 
миоциттер шоғырлары кездеседі. Қапшықтан лимфа түйінінің ішіне қарай
дəнекер ұлпалық перделіктер (трабекулалар) тарамдала еніп бір-бірімен 
торлана байланысады. Лимфа түйінінің қақпа жағынан енетін перделіктер
бойымен өтетін қан жəне лимфа тамырлары пен жүйкелер лимфа түйінін 
қоректеңдіреді жəне жұмысын реттейді. Қапшық пен перделіктер
аралықтарындағы куыстарда лимфа түйні стромасының негізін құрайтын 
ретикулалы ұлпа орналасады. Лимфа түйінінің паренхимасын ретикулалы
ұлпадағы əр түрлі даму сатысындағы лимфоцттерден жəне макрофагтардан 
түзілген лимфоидты ұлпа құрайды. Лимфа түйіні шеткі тығыз қыртысты 


433
заттан, аралық қыртысмаңы аймақтан жəне орталық акшыл келген



бозғылт заттан тұрады.

Қыртысты зат лимфа түйіні қапшығының астындағы шеткі қойнаудан
(синус) кейінірек ішке қарай бір-бірімен тығыз орналасып, ретикулалы 
ұлпада жатқан лимфа түйіншелерінен құралған. Қапшық пен лимфа
түйіншелерінің аралығындағы тек ретикулалы ұлпадан құралған шеткі 
қойнау арқылы əкелгіш лимфа тамырларымен келген ұлпа сұйығы сүзіле
ағып, аралық аймақтағы қойнаулармен бозғылт заттағы орталык қойнауларға 
өтеді. Қыртысты заттан төменірек жатқан қыртысмаңы аймағы лимфа
түйіншелерінен 
шығатын
лимфоидты 
жұмсақ
баулар

мен
аралық

қойнаулардан тұрады. Лимфа түйінінің орталығында лимфоидты бозғылтша
баулар мен орталық қойнаудан тұратын бозғылт зат орналасады. Лимфа 
түйіншелері мен бозғылтша бауларда В — лимфоциттері көбейіп жетіліп,
эффекторлы жасушаларға айналады. Сондықтан, лимфа түйінінің қыртысты 
жəне бозғылт заттарын В — аймақ деп атайды. Ал қыртысмаңы аймағаңда Т
— лимфоциттері жетіледі. Бүл аймақты Т— аймақ — деп те атайды. 
Қыртысты заттағы лимфа түйіншелерінің негізін ретикулалы ұлпа мен
сақинаша 
орналасқан
ретикулин 
талшықтары
құрайды. 
Түйінше
лимфобласттардан, 
лимфоциттерден
жəне

макрофагтардан


тұрады.

Түйіншелерді сыртқы жағынан ретикулин талшықтарымен байланысқан


ретикуло-эндотелиоциттер қаптап жатады. Түйіншенің орталық ақшыл 
бөлігінде бөліну арқылы көбейіп жатқан лимфобласттар орналасады. Бұл
ақшыл бөлік түйіншенің көбею (герминативті) орталығы деп аталады. 
Көбею орталығының макрофагтары əр түрлі əсер етуші факторларға жедел
жауап береді. Сондықтан, көбею орталығын реактивті орталық дейді. 
Түйіншенің шеткі жағында жетілген эффекторлы кіші лимфоциттер
түйіншені сыртынан тəж тəрізді қаптап жатады. Бұлар антигендік қасиеттерді 
еске сақтау В - эффекторлы лимфоциттері. В - лимфоцитер лимфа
түйіншелерінен 
бозғылтша
бауларға 
өтіп,
антиденелер 

түзетін
плазмоциттерге айналады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет