К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Итте лимфа түйінінің ұзындығы 5 см болады. 2.Тобықүсті лимфа орталығы



бет519/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Итте лимфа түйінінің ұзындығы 5 см болады.
2.Тобықүсті лимфа орталығы (надколенный лимфоцентр) 1с.
subiliacum — санның жалпақ шандыр кергіш бұлшық еттің медиальды 
бетінде, шамамен сербек пен тобық аралығының орта тұсында орналасады.
Лимфаны құрсақ қабырғасы мен артқы аяқ терілерінен, санның жалпақ 
шандырын кергіш бұлшық етінен жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,2-2,8 см болатын 15-50 лимфа
түйіндері ұзындығы 6-10 см тізбек түзеді. Сиырда түйіннің орташа мөлшері 
6-11 см, ұсақ малдарда 4-5 см болады. Шошқада лимфа түйінінің ұзындығы
4,0 — 6,5 см. Ол жоғарыда баяндалған дене аумақтарынан басқа, лимфаны 
қосымша бел жəне көкірек қабырғасынан (соңғы 3-5-інші қабырға) да
жинайды. Итте бұл орталық болмайды. 


З.Шаптың беткей лимфа орталығы (поверхностный паховой лим-
фоцентр) — lc. inguinalis superficialis — жануарлардың жынысына 
байланысты түрліше орналасады, Еркек жануарларда құрсақ қабырғасының
вентральды бетінде, жыныстық мүшенің бүйірінде, ал ұрғашы жануарларда 
желіннің жоғарғы жағында, тері астында орналасады. Бұл орталык лимфаны
сыртқы жыныс мүшелерінен, желіннен жинап, сырткы мыкын түйініне 
өткізеді.

Ерекшеліктері. Айғырда лимфа түйіндері енбаудың маңайында
шоғырланып, екі лимфа түйіндерінің тізбегін түзеді. Алдынғы тізбектің 
ұзыңдығы 11-13 см, енбаудың алдында, ал арткы тізбектің ұзындығы 4-6 см,
енбаудан кейін орналасады. Орталықгағы лимфа түйіңдерінің жалпы саны — 
25-100. Биеде мөлшері 0,3-4,5 см болатын 20-100 шақты лимфа түйіндері
ұзындығы 10-14 см лимфа түйіндерінің тізбегін құрайды. Ол желін мен 
құрсақ жəне жамбас қабырғаларының аралығында орын тебеді Бұқада
молшері 3-6 см-дей екі лимфа туйіні енбаудан кейін орналасады. Сиырда 
олардың саны — 1-2, желін негізінің артқы жағында тері астында жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет