К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет54/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Анафазада
екі

жас
хромосомаларды 


байланыстырып
тұрған

центромерлер ыдырайды да, хромосомаларды центриольдермен байланыс-


тырып тұрған ахроматин жіпшелері қарама-карсы полюстерге қарай тартып, 
екі еселенген гомологиялық хромосомаларды бір-бірінен ажыратып,
жасушаның қарама-қарсы полюстеріне жақындатады. 


Телофазада жасушаның қарама-қарсы екі жақ полюстеріне ажыраған
хромосомалардан екі жас ядро түзіліп, жасуша цитоплазмасы созылып екіге 
бөлінеді. Бұл процесті цитотомия — деп атайды.
Митоздың маңызы — екі еселенген хромосомалардың (тұқым 
қуалаушылық қасиеттерді анықтайтын материал — ДНҚ) екі жас жасушаға
тең мөлшерде бөлінуі. 


Эдомитоз — түрлі себептерге байланысты жасушалардың бөлінуі
бұзылады. Нəтижесінде аналық жасуша жекеленген жас жасушаларға 
бөлінбейді де, жасуша ядросындағы ДНҚ-ның мөлшері бірнеше есеге
көбейеді. Бұндай жасушаларды полиплоидты жасушалар — деп атайды. 
Эндомитоз
жануарлар 
организмінде
бауыр

гепатоциттерінде,


қуық

эпителиоциттерінде, сілекей бездері гландулоциттерінде кездеседі.



Амитоз (грек, а — жоқ) — цитоплазма мен ядрода морфологиялық
өзгерістер болмайтын жасуша бөлінуінің түрі. Амитоз кезінде жасуша 
ядросында хромосомалар көрінбейді. Алдымен ядрошыктың
пішіні мен саны өзгеріп, ядрошықтардың санына сəйкес ядро бірнешеге 
бөлінеді. Одан соң, ядро санына байланысты жасуша да бірнешеге бөлінеді.
Жануарлар организмінде амитоздың үш түрі кездеседі. Олар: генеративті, 
реактивті, дегенеративті амитоздар.
Генеративті амитоз — ұлпалардың қалыпты жағдайында кездесе
береұлпа жасуша бөлінуінің түрі. Жасушалар амитозды бөлінуден кейін, 
қайтадан митоз арқылы бөлініп көбеюге қабілетті.

Реактивті амитоз — кездейсоқ факторлардың əсеріне байланысты
жасушалардың жауап реұлпаде бөліну түрі. Амитоздың бұл түрі, көбінесе, əр 
түрлі жарақаттанудан кейін байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет