К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Жыныс жасушаларының дамуы — гаметогенез



бет57/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   607
Жыныс жасушаларының дамуы — гаметогенез 

Сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенез еркек
жануарлардың жыныс безі — енде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтеұлпа 
төрт кезеңнен тұрады: көбею, өсу, жетілу жəне қалыптасу.
Сперматогенездің көбею кезеңінде гаметобласттардан жетідген жас 
жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері
қабырғаларында, 
өздерін
қоршаған 
тіректік
жасушалардан 
(сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы
бөлініп үздіксіз көбейеді. Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын 
жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың
диплоидты (2n) жиынтығы болады. Сперматогониялардың біраз бөлігі 
бөлінуін тоқтатып, келесі өсу кезеңіне өтеді. Ал қалғандары бөліну процесін
жалғастырып, сперматогенез процесінің ендегі тұрақты жүруін қамтамасыз 
етеұлпа діңгекті жасушалар қызмеұлпа атқарады.
Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, бірішнілік 


сперматоңиттерге айналады. Бұл кезеңде интерфазаның S -кезеңіндегі
қорлану процесіне сəйкес ДНҚ мен белоктардың мөлшері ей есе көбейіп, 
олар көлемі жағынан ұлғаяды. Жыныс жасушаларының пісіп жетілуіндегі
жасушалардың бөліну түрін мейоз немесе редукциялық бөліну — деп 
атайды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айңалуы кезінде,
олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзақ бірінші кезеңі — 
профазадағы лептотен, зиготен, пахитен жəне ди плотен сатыларынан өтіп,
олардың құрылысында күрделі құрылымдық өзгерістер жүреді. 


Лептотен (грек, leptos — жіңішке, taenia — таспа) сатысында
сперматогония ядросындағы ядрошық анық көрініп, хромосомалары 
ширатылып, жіңішке таспа түрінде байқалады. Гомологиялық хромосомалар
бір-біріне жанаспай, алшағырақ орналасады. 

66



Зиготен (грек, zygoos — байланыс) сатысында гомологиялық 
хромосомалар бір-біріне жақындап, байланысып (конъюгация), жұптасып
орналасып, диадтар (қосарлы орналасу) түзеді. Гомологиялық хромосомалар 
диадтарда
бір-бірімен 
өзара
гендерімен 

алмасады.


Бұл

процесті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет