К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет52/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жасушалардың беліну түрлері 

Жануарлардың күрделі организмінің біржасушалы ұрық - зиготадан 


дамып өсуі, жасушалардың көбею процесімен тікелей байланысты. Topшалар
бөліну арқылы көбейеді. Жануарлар организмде жасушалары екі түрлі 
жолмен бөлініп көбейеді. Одар: митоз жəне амитоз. Жануарлар организмінде
дене жасушалары бөлінуінің кең таралған түрі— митоз. Бөліну кезінде 
жасушаларда жыныс жасушалары арқылы берілген тұқым қауалаушылық
қасиеттер сақтала отырып, организмдегі болашақ ұлпалар мен мүшелердің 
табиғатына сəйкес түрлі морфологиялық айырмашылықтар пайда болады.
Нəтижесінде əр түрлі ұлпалар жасушалары дамып жетіледі. Жасушалардың 
бөліну кезеңінен бастап, келесі бөліну кезеңіне дейінгі тіршілік мерзімін
жасуша айналымы (циклі) деп атайды. Жасуша айналымы митозда жəне

интерфазадан (интеркинез) тұрады, яғни бұл кезенде жасушаның бөліну,
бөлінуден кейінгі тіршілік ету, өсіп жетілу жəне керекті заттармен қорлануы 
арқылы келесі бөліну процесіне дайындалу сатылары қамтылады.


62



Интерфаза өз кезегінде үш сатыдан: түзілісалды (пресинтетикалық – 
G1), түзіліс (синтетикалық - S) жəне түзіліссоңы (постсинтетикалық – G2 )
сатыларынан құралады. 
Интерфазаның түзілісалды сатысында жасуша көлемі жағынан ұлғайып
өседі, ДНҚ бастамалары - нуклеотидфосфокинездерді синтездеуге қажет 
ферменттер, РНҚ мен белоктар алмасуының ферменттері тузіліп РНҚ мен
белоктардың синтезделу белсенділігі артады. 
Интерфазаның түзіліс сатысында жасуша ядросында ДНҚ - ның жəне
гистон белоктарының синтезделу белсенділігі артып, олардың мөлшері екі 
еселенеді. Нəтижесінде əр бір хромосоманың жанында жаңа хромосома
түзіліп, хромосомалардың жалпы саны да екі есе көбейеді. Бұл процесті 


редупликация — дейді. ДНҚ-ға сəйкес РНҚ-нын синтезделу деңгейі де
артып, оның ең жоғары деңгейі түзіліссоңы сатысына дəл. Бұл саты 5-7 
сағатқа созылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет