бөлігінен дамиды. Жүйке түтігін құрайтын эктодермоциттердің даму
462
жабын жəне вентральды жүйке түгігі түбінің пластинкалары жұқа күйінде
сақталады.
Жүйке түтігінің жоғарыда айтылған бөлімдерінен жануарлардың
тіршілік жағдайына байланысты, жұлынның ақ жəне сұр заттары əр түрлі
арақатынаста бір-бірінен айқын ажырап жетіле бастайды.
Балықтардағы тұлға бұлшық еттерінің күшті жетілуіне байланысты,
қозғалтқыш орталықтары жинақталған сұр заттың вентральды бағандары
жақсы дамыған. Балықтардың сулы ортадағы қозғалысында құйрыктың
қозғалыс мүшесі ретіндегі маңызы өте зор. Сондықтан, олардың жұлынында
құйрық бөлімі де жақсы жетілген.
Құрлықтағы жануарлардың қаңқа бұлшық еттерімен қатар, тері сезімі
рецепторлары да жоғары деңгейде дамиды. Осыған байланысты олардың
жұлынындағы сұр заттың біркелкі қалыптасуы, оның ішінде вентральды
бағандармен (қозғалтқыш) қатар, сезімтал дорсальды бағандардың дамуы
жəне торлы құрылымның жетілуі белсенді жүреді. Сонымен катар,
тітіркеністерді өткізу қызметін атқаратын ақ заттың қалыптасың дамуы да,
жоғары дəрежеде жүреді.
Құрлық жануарлары құйрықтарының қозғалыс мүшесі қызметінен
айырылып, олардын тіршілік сипатына қарай əр түрлі дəрежеде редукцияға
шалдығуына байланысты, жұлын құрылысында да бірқатар өзгерістер
байқалады. Мысалы, құйрықты үй жануарларында жұлын 1-3 -інші құйрық
омыртқасына дейін созылатын болса, құйрығы жетілмеген адамда 1-2 -інші
бел омыртқасына дейін ғана созылады. Ал ұшатын құйрықсыз жарғанаттарда
жұлын 9 көкірек омыртқалары тұсында аяқталады. Демек, жануарлар
денесіндегі құйрықтың жетілуі мен жұлынның дамуы арасында тікелей
байланыс байқалады. Жұлынның дамуына жануарлардың қимыл-қозғалыс
түрлері, қаңка бұлшық еттері мен тері сезімінің жетілу деңгейлері өз
ыкпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: