ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМІ МҮШЕЛЕРІНІҢ
ДАМУЫ
Жүйке жүйесі орталық бөлімін құрайтың ми мен жұлын, осы жүйенің
басқа мүшелері сияқты эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасы) дамиды.
Ұрықтық дамудың бастапқы кезеңінде эктодерма жасушалары дененнің
болашақ білігі (осі) бойымен топтасып, белсенді түрде бөліну арқылы
көбейіп, эктодерманың баска жасушаларынан оқшауланады да, жүйке
пластинкасына айналады. Бұдан кейін, жүйке пластинкасының екі ұшы
жоғары қарай сəл иіліп көтеріледі де, жүйкелік сайды түзеді. Ұрықтық
дамудың келесі кезеңінде жүйке пластинкасының жоғары иілген екі ұшы
одан əрі иіліп, бір-бірімен жанаса жақындап, соңынан толық бітісе жалғасып,
жүйке түтігін кұрайды. Жүйке түтігінің жоғарғы екі бүйірінде эктодерма
жасушаларының
топтаса
қалындауынан
жүйке
білсуліктері
немесе
ганглионды пластинкалар жетіледі. Ал жүйке түтігінің куысы жұлынның
орталық өзегіне айналады. Өзектің алдыңғы жағы бірқатар уақыт ашық
қалпында сақталады. Оны жүйке тесігі (невропор)— деп атайды. Жүйке
тесігі
кейінірек
соңғы пластинкамен (lamina terminalis) бітеліп
тұйықталады.
Жүйке түтіннің жоғарғы екі жиегіндегі білеуліктер — мезодерма
сомитінің сегменттеріне сəйкес бөліктерге бөлініп, олардан болашақ
омыртқалар
санына
байланысты
жұп
жұлындық
жүйке
түйіндері
(ганглийлер) түзіледі.
Ұрықтық даму кезеңінде жүйке түтігі ұрық қаңқасы қызметін атқаратын
хорданың жоғарғы жағында қалыптасып, орналасу орнына қарай:
хордаүстілік (эпихордальды) жəне хордаалдылық (прехордальды)
бөліктерге бөлінеді.
Эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігінің қабырғасы алғашқы кезде
бір қабат эктодермоцит жасушаларынан тұрады. Кейінірек, болашақ
қызметтеріне байланысты эктодермоциттерден: нейробласт жəне глиобласт
жасушалары жетіледі. Нейробласттардан жүйке жүйесі мүшелерінің
құрылымдық жəне функциональды бірлігі нейроциттер (нейрондар), ал
глиобласттардан жүйкелік глияның (нейроглия) макроглиялары дамиды.
Макроглиядан өз кезегінде жүйкелік глияның үш түрі қалыптасады. Олар:
эпендимоциттер, астроциттер жəне олигодендроглиоциттер.
Эпендимоциттер жұлынның орталық өзегін, ми қарыншаларын
астарлайды жəне олардың сыртқы шекаралық жарғағын түзеді. Сөйтіп,
эпендима нейроглиясы жүйке жүйесінде сыртқы жəне ішкі шекаралық орын
алып, жабын жəне қорғаныс қызметтерін атқарады.
461
Астроциттер — жұлын мен миды құрайтын нейроциттердің
аралығындағы жұлдызша пішінді тармақты жасушалар. Астроциттердің
өсіңділері бір-бірімен торлана байланысып, жұлын мен мидың тіректік
негізін (стромасын) құрайды. Сонымен қатар, астроциттер жұлын мен миды
қоректендіретін қан тамырларының сыртқы шекаралық жарғағын түзуге де
қатысады. Астроциттер тіректік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |