К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет540/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

талшықтары тітіркеністер нəтижесінде пайда болған жүйке толқындарының
өткізу жылдамдығын арттыруға септігін тигізетін миелин қабығымен 
қапталады. Нейроциттер тізбегіндегі тітіркеністерді өткізу бағытын реттейтін
нейроциттераралық байланыстар (синапстер) жетіле бастайды. Осылардың 
нəтижесінде омыртқалы жануарларда омыртқасыз жəндіктерге қарағанда
сезім мүшелері, əсіресе, олардың сезімтал ұштары (рецепторлары) жоғары 
дəрежеде дамиды.


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАЛЫҚ БӨЛІМІ 
Үй жануарлары жүйке жүйесінің орталық бөліміне жұлын мен ми 

жатады. Аталған мүшелер сұр жəне ақ заттардан түзілген. Сұр затты


қызметіне байланысты топтаса орналасқан нейроцит денелері мен олардың 
миелинсіз өсінділері жəне нейроглия құрайды. Омыртқалы жануарларда сұр
зат негізінен жұлын өзегі мен ми қарыншалары маңында, теренде 
орналасады. Жұлындағы сұр зат негізінен орталық жұлын өзегі
қабырғасының ішкі бетін біртүтас қоршай орналасады. Ал мида қызметіне 
байланысты нейроциттер топтасып, көптеген сұр зат аралшықтарын құрайды.
Оларды жүйке орталықтары немесе жүйке ядролары — деп атайды. Сұр 
зат ядролары бір-бірінен ақ заттық аралықтар арқылы бөлінеді. Мидағы
жүйке ядролары қызметі жағынан үлкен ми қыртысына тікелей бағынышты 
жəне оның астында жатады. Сондықтан, мидағы барлық жүйке ядроларының
жиынтығы қыртысастылық ядролар немесе мидың қыртысастылық сұр 


заты — деп аталады.
Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің ми құрылысындағы бір ерекшелік — 
олардағы үлкен ми қыртысы мен мишық қыртысының жақсы жетілуі. Бұл
қыртыстар біртүтас сұр заттан түзіліп, аталған ми бөліктерінің шетінде
сыртқы жағында орналасады.
Жұлын мен мидың құрамындағы ақ зат миелинді жүйке талшықтарынан 
құралған. Ақ зат негізінен тітіркеністер толқындарын өткізу қызметін
атқарады. 
Орталық жүйке жүйесі мүшелерінде маңызды қызмет атқаратын торлы 

құрылым (ретикулалы формация). Торлы құрылымды мөлшері мен пішіні əр
түрлі нейроциттер мен жүйке талшықтар торы түзеді. 
Торлы құрылым жұлынның мойын жəне көкірек бөлімдеріндегі орталық
жұлын өзегінің айналасында, сұр заттың дорсальды бағандарының екі 
бүйірінде орналасады. Жұлындағы торлы құрылымнын жалғасы, сопақша,
ортаңғы жəне аралық миларға дейін өтіп, ол жерлерде жүйке ядролары 

460
ретінде орналасады. Мидың аталған бөліктеріндегі торлы құрылымның 


ядролары


орталықтарынан, 
жүйке
талшықтарының 

будасы
ретінде

қалыптасып шығатын өрлеме жолдар үлкен ми қыртысына дейін жетіп, ми
қызметінің белсенді түрде іске асуына ықпалын тигізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет