К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


XIII тарау. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ



бет538/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

XIII тарау. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ 
Жүйке (нерв) жүйесі (нервная система) жануарлар организмдерінің
қоршаған ортаға бейімделуін жəне мүшелер жүйелері қызметтерінің 
біртұтастығын реттейді. Жүйке жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін

neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім)— деп
атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. 


Рефлекс — сыртқы немесе ішкі орта əсерлеріне организмнің жауап қайтару
реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерінін негізгі бөлігін жүйке ұлпасы құрайды. 
Жүйке жүйесі оранизмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен
құрылысына сəйкес: орталық жəне шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. 


Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми жəне жұлын, ал шеткі бөліміне
мидан жəне жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: 
жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары (өрімдері), жүйке түйіндері
(ганглийлері) жəне жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмде 
атқаратын қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар:
сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық 
(тамырлық). Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі дене, яғни тірек-қимыл
аппараты жəне тері жабына мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі 
мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі
мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық жəне симпатикалық 
бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативті бөлімі — деп атайды.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 
Тірі организмдерге тəн қасиеттердің бірі — дененің тітіркенгіштігі, яғни 

оның тітіркеністі қабылдап, оған белгілі дəрежеде жауап беру қабілеттілігі.


Жүйке жүйесінің жануарлар организміндегі қалыптасуы мен жетілуі оның 
даму кезеңіндегі тітіркенгіштік қасиетіне тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет