Сүткрректілер овоциұлпаің құрылысы. Пісіп жетілген сүтқоректі
жануарлардың жұмыртқа жасушасы басқа сомалық жасушалар сияқты
цитоплазмадан жəне ядродан тұрады. Оның пішіні дөңгелек немесе сопақша
болып келеді. Жұмыртқа жасушаларының мөлшері зерттеушілердің
мөліметтеріне қарағанда, биеде — 113-135 мкм, сиырда — 122-140 мкм,
қойда — 120 мкм, мегежінде —120-140 мкм. Овоциттің дөңгелек келген
ядросының ядрошығы салыстырмалы үлкеңдеу болып келеді. Мұның себебі,
жұмыртқа жасушасындағы белоктарды синтездеуге қажет рибосомалар мен
РНҚ ядрошықта белсенді түзіледі. Овоцит цитоплазмасының шеткі
қыртысты (кортикальды) аймағы, ұрықтың алғашқы даму кезеңіне керекті əр
түрлі заттармен (РНҚ - ның барлық түрлері, көптеген ферменттер,
құрылымдық белоктар, энергия көзі) қорланады. Бұларды синтездеуге
белсенді қатысатын органеллалар: бос рибосомалар, эндоплазмалық тор,
Гольдж кешені, митохондриялар. Эндоплазмалық тор, рибосомалар жəне
Гольдж кешені фолликулалық жасушалар жеткізген қоректік заттардан
сарыуыздың түзіліп, цитоплазмада жинақталуын қамтамасыз етеді. Ал бұл
процеске керекті энергияны белуге митохондриялар қатысады. Сарыуыздың
құрамына кіреұлпа вителлин белогі, көмірсулар жəне липидтер фосвитин,
липовителлин сияқты кешенді қосылыстар түзеді, Овоцит цитоплазмасы
белогінің 80% -ы сарыуыздың, 16% -ы рибосомалардың құрылымдық белогі
үлесіне тиеді.
Сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа жасушасы сыртынан біріншілік
жəне екіншілік қабықтармен қапталған. Біріншілік қабық — жасуша
плазмолеммасы
немесе
сарыуыз
қабығы.
Ал
екіншілік
қабықты
жүмыртқалықтың (аналық жыныс безі) фолликуладық жасушалары түзеді.
Ол сарыуыз қабығын сыртынан қаптап, овоцитті қоректік заттармен
қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызмеұлпа атқарып, ұрықтану кезінде
полиспермияға (овоцитке көп сперматозоидтардың енуіне) мүмкіндік
бермейді. Фолликулалы қабық жасушаларыныц өсінділері сарыуыз қабығы
микробүрлерімен жанасып, қоректік заттарды тасымалдап, олардың өзара
əрекеттесуі нəтижесінде осы екі қабық аралығында гликозаминогликандарға
бай мөлдір аймақ тузіледі. Ал фолликулалы кабық — овоцит мөлдір
аймағының сыртынан сəулелі тəж тəрізді қаптап жатады. Сонымен,
сүтқоректі жануарлардың жұмыртқа жасушасы ядродан, цитоплазмадан,
мөлдір жəне фолликулалы қабықтардан тұрады.