К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


таяқшалар жəне сауытшалар қабатын



бет587/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

таяқшалар жəне сауытшалар қабатын, жарық сезгіш нейроциттердің
ядролары орналасқан перикариондары (денелері) сыртқы ядролы қабатты
олардың аксондары мен екінші қатарда жатқан биполярлы цейроциттердің
дендриттері бір-бірімен синапстық байланыс жасап, сыртқы торлы 


қабатты, биполярлы нейроциттерінің перикариондары ішкі ядролы 

қабатты, соңғы нейроциттердің аксон дары мен мультиполярлы нейроциттер
дендриттерінің синапстық байланысы ішкі торлы қабатты, мультиполярлы 
нейроциттердің перикариондары ганглионды қабатты, олардың аксондары
миелинді жүйке талшықтарына айналып, жүйке талшықтары қабатын 
түзеді. Жүйке талшықтары бірігіп, көз алмасының артқы жағындағы тесіктен
шығып, ми жүйкелерінің екінші жұбы көру жүйкесін кұрайды. Ол көру 
талдағышының өткізгіш жолын құрап, екі көз алмасы көру жүйкелерінің
айқасынан кейін, көру жолдары ретінде аралық миға барады. Торлы қабық 
нейроциттері аралықтарында ұзын талшықты нейроглиоциттер орналасады.
Олардың ядролар орналасқан денелері ішкі ядролы қабатта жатады. Ал 
сыртқы ұзын өсінділері таяқша жəне сауытша қабат пен сыртқы ядролы
қабат аралығындағы сыртқы шекаралық қабатты, ішкі өсінділері жүйке 
талшықтары қабатын шыны тəрізді денеден оқшаулайтын ішкі шекаралық 

қабатты жасайды. Сөйтіп, көздің торлы қабығында сырттан ішке қарай 10
қабат ажыратылады. Олар: 1) пигментті, 2) таяқша жəне сауытша, 3) сыртқы 
шеғаралық, 4) сыртқы ядролы, 5) сыртқы торлы, 6) ішкі ядролы, 7) ішкі
торлы, 8) ганглионды, 9) жүйке талшықтары, 10) ішкі шекаралық қабаттар. 
Фоторецепторлы нейроциттерінің таяқшалары мен сауытшалары сыртқы
жəне ішкі буындардан құралған. Таяқшаның сыртқы буынының пішіні 
цилиндр тəрізді болып келеді. Оны бір-біріне жабыса орналасқан, қалыңдығы
140 нм тұйық жарғақтық дискілер құрайды. Сыртқы буын жарғағында көру 
пигменті

родопсин
болады.

Ішкі
буынының 


цитоплазмасында
митохондриялар мен эндоплазмалық тор жақсы көрінеді. Сыртқы жəне ішкі 
буындар кірпікшелер арқылы байланысқан. Сауытшаның сыртқы буыны
қысқалау жəне көлемділеу келеді. Оны түйықталмаған жарғақтық 
жартыдискілер
құрайды. 
Ішкі
буынында 

липид
тамшысы

мен
митохондриялардан түзілген эллипс тəрізді құрылым бар. 


496
Көру жүйкесінің көз алмасының артқы жағындағы тесігі арқылы торлы 


қабықтан шығатын дөңгелек келген дөңес тұсында жарық сезгіш


нейроциттер болмайды. Сондықтан, бұл жерді "соқыр дақ"— деп атайды. 
Көз алмасының білігі бойындағы торлы қабықтың дөңгелек немесе сопақ
келген бөлігін сары дақ дейді. Оның ортасындағы шұңқырлау жерін 


орталық шұңқыр — деп атайды. Орталық шүңқыр торлы қабықтың ең
жақсы көретін бөлігі. Көру талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми 
сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасады.
Көздің көмекші мүшелеріне: көздің бұлшық еттері, қабақ жəне көзжасы 
аппараты жатады. Бұлшық еттер көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан
құралған. Қабақтарға жоғарғы жəне төменгі қабақтар жатады. Олардың 
сыртқы қабатын тері, ішкі қабатын көздің кілегейлі қабығы жəне олардың
аралығындағы борпылдақ дəнекер ұлпалық аралық пен ондағы ет шоғырлары 
құрайды. Қабақтарда кірпіктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет