86
сүйірленеді де, бластопор тарылады. Дорсальды ернеу бластомерлері
белсенді бөлініп көбейеді де, ернеу жасушалары ұрықтың арқа жағына қарай
көшіп орын ауыстырып, дененің бастан құйрыққа дейінгі эктодерманың арқа
бөлігіндегі жасушаларға əсер етіп, біріншілік эктодерманың арқылық
бөлігінен
жүйке пластинкасының түзілуіне ықпалын тигізеді. Жүйке
пластинкасы төмен қарай иіліп, оның екі қапталдағы жиектері жоғары
көтеріліп қосылып,
жүйке түтігін жасайды.
Жүйке түтігімен тығыз байланысқан, оның екі бүйіріндегі ұзынынан
өтеұлпа жүйке буылтықтарынан
ганглионды пластинкалар жетіледі. Ал
біріншілік эктодерманың жүйке пластинкасы жиектерімен шектескен шеттері
жоғары жүйке түтігінің үсұлпае көтеріліп, бір-бірімен қосылып бірігіп,
екіншілік эктодермаға айналады. Ішкі ұрық жапырақшасы —
энтодерманың дорсальды бөлігінен хороезодермалық өскін бөлініп, кейіннен
оның ортаңғы бөлімінен жүйке түтігінің төменгі жағында орналасқан
хорда,
ал екі қапталындағы бөлімдерінен хорданың екі бүйірінде орналасқан
мезодерма
дамиды.
Мезодерма
өз
кезегінде
сегменттелген
дорсальды
сомиттерге, аралық - сегментті аяқшалар
нефрогонадотомға жəне
сегменттелмеген
вентральды
спланхнотомға
жіктеліп
бөлінеді.
Энтодерманың хордо-мезодермалық өскін бөлінгеннен кейінгі екі жиегі бір-
біріне қарсы өсіп қосылып, хорданың астанда жатқан
ішек түтігіне
айналады.
Достарыңызбен бөлісу: