2. Көптік (котиледонды) ұрықжолдас ірі, көптарамды аллан-тоорион
бүрлері хорионның беұлпаде аралшық тəрізді жекелене топтасып, жатырдың
кілегейлі қабығындағы кірмелері бар дөңес сүйел-
шелерге (карункулалар) қарама-қарсы орналасып, солармен байланыс
жасайды. Бұндай плацентаның түрі күйісті жануарларда (қой, сиыр, ешкі т.б.)
болады.
3. Аймақтық (белдеулік) ұрықжолдас алланто-хорион бүрлері хорион
сыртқы беұлпаің орта тұсындағы аймақты айнала орап, белдеу тəрізді
орналасып, тек осы тұста ғана жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерімен
байланыс түзеді. Плацентаның бұл түрі жыртқыш жануарларға тəн.
4. Табақша (дискі төрізді) ұрықжолдас алланто-хорион бүрлері
хорионның сыртқы беұлпаде пішіні дөңгелек табақ тəрізді аймақта топтаса
орналасып, жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерімен байланыс жасайды.
Бұндай плацента адамда, маймылдарда жəне кейбір кеміргіштерде болады.
Эпителий
ұлпасымен
қапталған
алланто-хорион
бүрлерінің,
плацентаның енелік бөлігіндегі жатыр кілегейлі қабығы кірмелерімен
байланыс сипатына қарай ұрықжолдастың төрт түрі болады:
30 — сурет. Ұрықжолдас бүрлерінің жатыр кілегейлі қабығы кірмелерімен байланыс
сипатына сəйкес плацентаның турлері А — эпителий-хорионды ұрықжолдас, Б —
дəнекерлі-хорионды ұрықжолдас, В — эндотелий-хориоңды ұрықжолдас, Г - қан-
хорионды ұрықжолдас.
1 — хорион бүрінің эпителий қабаты, 2 — хорион бүрінін дəнекер ұлпасы. 3 —
хорион бүрі қан тамырларынын эндотелий қабаты, 4 — жатыр кілегейлі қабығының
эпителий кабаты, 5 — жатыр кілегейлі қабығынын дəнекер ұлпасы, 6 — жатыр
қабырғасындағы қан тамырларынын куысы.
1. Эпителий-хориоиды ұрықжолдас алланто-хорион бүрлерін қаптаған
эпителий ұлпасы жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерінің (бездерінің)
эпителийімен жанасу арқылы байланысады. Жатыр эндометрийінің эпителий
84
қабаты бұзылмай, оның тұтастығы толық сақталады. Туғаннан кейін
бүрліқабық бүрлері жатыр эндометрийінен оңай ажырайды. Бұңдаи плацента
биеде, мəшіде, інгенде, мегежінде болады
Достарыңызбен бөлісу: |