97
ал эпителиоциттердің негіздік полюстерге қарама-қарсы жатқан екінші бос
ұшын төбелік немесе апикальды (лат. apex — төбе) полюсі — деп атайды.
Эпителиоциттердің апикальды полюсі, əдетте, жануарлар денелерінің сірлі
куыстарына немесе түтікше мүшелердің қуысына қарай бағытталып жатады.
Сондықтан, эпителий жасушалары апикальды полюстерінін аталған
құыстардың қабырғасың ішкі жағынан шектеп жатқандықтан, оларды
эпителиоциттердің бос немесе төбелік ұштары — деп те атайды.
Эпителиоциттердің базальды жəне апикальды полюстерінің (ұштарының)
құрылыстарында көптеген айырмашылықтар болады. Жасуша ядросы,
əдетте, эпителиоциттің базальды ұшына жақын жатады. Жасушаның
эндоплазмалық торы негіздік жарғаққа жақын, ядроның төменгі жағында, ал
Гольдж кешені ядроның жоғарғы жағында орналасады. Бірқабатты эпителий
ұлпаларының
көптеген
түрлі
жасушаларының
апикальды
ұшында
микробүрлер мен кірпікшелер, ал базальды полюсінде плазмолемма
қатпарлары
болады.
Эпителиоциттердің
апикальды
жəне
базальды
бөліктерінің
қызметтерінде
де
айырмашылықтар
бар.
Эпителий
жасушасының
апикальды
полюсінде
секрет
пен
экскретті
бөлу,
микробүрлердің көмегімен сіңіру, сору, кірпікшелердің қозғылу прцестері, ал
заттарды синтездеу процесі оның базальды полюсінде жүреді. Көпқабатты
эпителий
ұлпаларының
негіздік
жарғақпен
жанасатын
төменгі
қабаттарындағы эпителиоциттер құрылысы мен қызметі жағынан, олардың
жоғарғы қабаттарындағы эпителий жасушаларынан көп айырмашылықтары
болады.
5.Эпителий ұлпасының қайтадан қалпына келу қабілеті (регенерациясы)
жақсы
жетілген.
Олардың
құрамында
эпителиоциттердің
көбеюін
қамтамасыз ететін діңгекті (қамбиальды) жасушалар болады.
Достарыңызбен бөлісу: