К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет92/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Эпителий ұлпасы (жабынды ұлпа) 

Эпителий ұлпасы — жануарлар филогенезінде жабынды ұлпа ретінде 


көпжасушалы организмдегі ең алғаш дамып жетілген құрылым. Ол
жануарлар организмін сыртынан қаптап, дене жəне сірлі қуыстар мен 
түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарының ішкі бетін астарлап, организмнің
ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп, шекаралық орын алады. 
Сөйтіп, ол тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса эпителий ұлпасы организмдегі көптеген бездердің паренхимасын 
түзіп, тірі организмдегі түрлі зат алмасудың жүруіне керекті бөлінділер
(секрет, гормон т.б.) бөледі. Денедегі орналасу орны мен атқаратын 
қызметіне байланысты эпителий ұлпасы үлкен екі топқа: жабынды жəне
безді эпителийге бөлінеді. 


Жабынды эпителий — epithelium superficiale — теріні сыртынан
қаптап, ішкі мүшелердің ішкі бетін астарлап, қоршаған орта мен организмнің 
арасындағы зат алмасуды қамтамасыз етіп, қорғаныс, тітіркеніс, заттарды
copy, сіңіру жəне бөліп сыртқа шығару қызметтерін іс жүзіне асырады. 


Безді эпителий — epithelium glandulare — организмдегі бездердің
бөлінділерді (секреттерді) бөлетін жұмысшы бөлігі — без паренхимасын 
түзіп, денедегі зат алмасу процесіне қажет секреттерді бөліп шығарады.


96
Эмбриогенездің гистогенез сатысында эпителий ұлпасы негізгі үш ұрық 


жапырақшаларынан дамиды. Оларға эктодермадан дамып жетілетін тері,


ауыз қуысы мүшелерінің, анустың (артқы тесік), мұрын қуысы кіреберісінің 
эпителий қабаттары мен қабырғалық жəне қабырғадан тыс (сілекей бездері)
бездері; энтодермадан ас қорыту жəне тыныс алу мүшелерінің эпителий 
қабаттары мен қабырғалық жəне қабырғадан тыс (бауыр, үйқы безі) бездері;
мезодермадан — ұрғашы жəне еркек жануарлар жыныс мүшелері мен несеп
белу мүшелерінің, сірлі қабықтардың (мезотелий) эпителий қабаттары мен 
қабырғалық бездері жатады.
Организмдегі орналасу орны мен қызметтері əр түрлі болғанымен, 
эпителий ұлпаларының жалпы курылысы бір-біріне ұқсас. Олардың
барлығына тəн ортақ құрылымдық белгілер: 
1. Эпителий ұлпалары тек эпителий жасушалары — эпителиоциттерден
ғана тұрады. Эпителий ұлпаларында жасушааралық тірі зат болмайды. 
Эпителиоциттердің аралығында ені 10-50 нм жарғақаралық саңылаулар
болады. Эпителий жасушалары плазмолеммаларының арасында тек 
жарғақүсті кешен — гликокаликс ғана қалады. Жасушааралық саңылаулар
арқылы эпителиоциттердегі зат алмасуды қамтамасыз ететін ұлпа сұйығы 
үздіксіз ағып жатады.
2.Эпителий ұлпаларын құрайтын эпителиоциттер бір-бірімен өте тығыз 
жанаса байланысып, эпителий жасушалары қабаттарын түзеді. Эпителий
ұлпасының қызметіне сəйкес, эпителий жасушалары қабаттарындағы 
эпителиоциттер бір-бірімен əр түрлі плазмолеммааралық байланыстар
жасайды, Оларға: жасушалар арасындағы берік байланысты қамтамасыз 
ететін тығыз жанасу түрі десмосома жəне саусақша жанасу (құлып),
жасушааралық зат алмасуды іс жүзіне асыратын саңылаулы жанасу (нексус), 
дененің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп тұратын тығыз жанасу жатады.
3.Эпителий ұлпаларын, олардың астында жатқан борпылдақ дəнекер 
ұлпасынан, шекаралық қызмет атқаратын негіздік жарғақ (базальды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет