98
бөлінеді. Ал, бірқабатты көпқатарлы эпителий ұлпасы эпителиоциттерінің
барлығы толығымен негіздік жарғақта орналасады. Бірақ, эпителий ұлпасын
мөлшері мен қызметі түрліше əр түрлі эпителиоциттер құрайды. Эпителий
жасушаларының биіктігі мен көлеміне қарай, олардың ядроларының мөлшері
мен орналасу деңгейлері де, əр түрлі болады: призма тəрізді биік
эпителиоциттердің ядролары эпителий ұлпасының орта деңгейінде, биіктігі
орташа жасушалар ядролары эпителий ұлпасының орта деңгейінен сəл
төменірек, негіздік жарғаққа жақындау, ал аласа эпителиоциттердің ядро-
лары одан да төмен, негіздік жарғақпен жанаса орналасады. Ұлпаны
құрайтын эпителиоциттердің барлығы негіздік жарғақпен жанасып, бір
қабатта орналасқандықтан, бірқабатты эпителий ұлпасы — деп аталады.
Жоғарыда айтылғандай, биіктігі мен мөлшері əр түрлі эпителиоциттердің
ядролары да, əр түрлі деңгейде орналасқандықтан, эпителий көп қатарлы —
деп аталады. Эпителийдің бұл тобына бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі
эпителий жатады.
Көпқабатты эпителий ұлпасы көп қабатта жатқан эпителиоциттер
қабаттарынан құралған. Негіздік жарғақпен эпителий ұлпасының тек төменгі
бір қабат эпителиоциттері (базальды қабат) ғана жанасады. Жоғаргы
қабаттарындағы эпителиоциттерінің пішініне байланысты, көпқабатты
эпителий ұлпасы: көпқабатты жалпақ эпителий жəне көпқабатты ауыспалы
эпителий болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: