К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет102/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   117
Қосынды әдіс үрдісті элементтерге бөлмей және еңбекті ұйымдастыруды 
рационалды жобаламай еңбек нормаларын орнатуды қарастырады, яғни цех
бастығы немесе нормалаушының өндірістік тәжірибесіне негізделеді 
(тәжірибелі әдіс), не болмаса осы жұмысқа өткен жылдардағы орташа нақты 
еңбек шығындары статистикалық мәліметтер негізінде (алғашқы құжаттар, 
есептер, жазбалар бойынша) және сол кезеңде жұмысшылармен өндіру 
нормасын орындау туралы мәліметтерге негізделіп орнатылады. Қосынды 
әдіспен табылған нормалар тәжірибелі-статистикалық деп аталады.
Тәжірибелі - сатистикалық әдіспен өндіру нормасын орнатқанда есепті 
кезеңге жұмысшылармен өндірілген өздері өндіретін өнім құнын (теңге 
есебімен) осы уақыттағы адам-сағат немесе адам-күн мөлшеріне бөліп, бір 


199 
адамның күніне немесе сағатына орташа нақты өндірісін алады. Осылай 
табылған өндіру нормасы өткен кезеңде алынған еңбек өнімділігін өрнектейді. 
Мысалы, 250 жұмыс күнінде өздері өндіретін өнімайналым 3000мың.теңге 
құрады, бұл кезеңде 5 мың адам - күн (20адам бригадасы) жұмыс істеген, яғни 
бір бір жұмысшы нақты өндірісі 60 теңге құрады (3000:5). 
Тәжірибелі-статистикалық әдіспен құрастырылған өндіру нормасы белгілі 
бір жұмысты орындауға қажетті еңбек мөлшерін сипаттамайды, себебі өткен 
жылдарға есеп беру материалдарын зерттеу кезінде жұмыс уақыты 
шығындарын, жабдықтардың бұзылуын орнатуға, еңбекті ұйымдастыру 
кемшіліктерін айқындауға мүмкін емес.
 
8.4. Жұмыс уақыты шығындары
 
Еңбек үрдістерін зерттеу, еңбек нормаларын құрастыру кезінде жұмыс 
уақытының қандай шығындары қажетті болып табылатынын, бекітілу керек 
және нормаға енгізілу қажет екенін, ал қайсысы артық, рационалды емес 
шығындар және т.б. екенін анықтау керек. Ол үшін жұмыс уақыты жіктеледі
яғни белгілі бір белгілер бойынша жеке категорияларға бөлінеді. 
Жұмыс уақыты –заңмен бекітілген жұмыс күнінің, жұмыс аптасаның 
ұзақтығы. Қалыпты еңбек жағдайларында ол екі демалыс күнімен 40 сағаттық 
жұмыс аптасында 8 сағат құрайды. Жұмыс уақыты -жұмысшы берілген 
тапсырманы орындауы міндетті уақыт.
Жұмыс ауқыты шығындарын жіктеу үш бағыт бойынша жүзеге асады: 
жұмысшыға қатысы бойынша (орындаушының жұмыс уақыты шығындары); 
жабдыққа қатысты (жабдықтарды қолдану уақыты); еңбек затына қатысы 
бойынша (өндірістік үрдіс уақыты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет