К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет98/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Еңбекті нормалау – нақты операцияны немесе өндірістік тапсырманы 
орындауға қажетті уақыт нормаларын құрастыру.
Техникалық, технологиялық және ұйымдастыру мүмкіндіктерін ескеріп, 
нақты өндіріс жағдайын ғылыми талдау жолымен, сонымен қатар рационалды 
еңбек тәсілдерін зерттеу жолымен құрастырылған еңбек нормасын техникалық 
негізделген деп атайды. Ол берілген жұмысты орындауға кететін еңбек 
мөлшерін дәл анықтайды.
Техникалық негізделген еңбек нормаларын құрастыру олардың 
техникалық, экономикалық және психофизиологиялық негіздеуін қарастыру 
керек.
Еңбек нормаларын техникалық негіздеу әрекеттегі техниканы толық, 
тиімді қолдануды, прогрессивті өндіріс технологияларын қолдануды 
қарастырады.
Еңбек нормасын экономикалық негіздеу еңбек өнімділігінің артуын және 
өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасының жоғарылауын қамтамасыз ететін 
берілген жұмыс түрін орындауға кететін жұмыс уақытының минималды 
шығындарын орнатуды қарастырады.
Еңбек нормасын психофизиологиялық негіздеу нормаларды құрастыру 
кезінде адамның жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауға, оның монотондығын 
төмендетуге, жұмыс барысында аса шаршауды жоюға мүмкіндік беретін 
еңбектің қалыпты қарқындылығы менмазмұндылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайларда еңбекті нормалауды ұйымдастыруға жоғары талаптар 
қойылады: 
 барлық әрекет түрінде және орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) 
алуан түрлілігінде еңбек шығындарын бағалауды қамтамасыз ететін 
еңбекті нормалау саласын максималды кеңейту; 
 орнатылатын еңбек нормаларының жоғары сапасын қмтамасыз ету
оларды максималды есептелген шығындарға жақындату; 
 ұйымдастыру-техникалық, 
психофизиологиялық, 
әлеуметтік, 
экономикалық және құқықтық факторларды толық ескеру негізінде еңбек 
нормаларын ғылыми негіздеу; 
жұмысшының 
шығармашылық, 
өндірістік 
және 
материалдық 
қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға ықпал ететін еңбек 
нормаларын гуманизациялау. 


194 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет