94
Тазалау бөлмесі
Толық тазалау бөлмесі
Сулфиттеу және мөлшерлеу бөлмесі
6.5-сурет. Картопты тазалау және сульфиттеу желісі:
1-контейнер аударғыштың көтергіші; 2-бункер; 3- қабылдау науашалары; 4- көлбеу жүктегіштер; 5-тарату қоректендіргіші; 6- вибрациялық
жуу машинасы; 7- лай тұндырғыш; 8- тас ұстағыш; 9-
картоп тазалау машинасы; 10-езінді жинағыш; 11- толық тазалау контейнері; 12-
орындықтар; 13-сульфиттеуге арналған машина; 14- өлшгіш автоматты мөлшерлегіш; 15-сыйымдылық.
95
Бұл желіде колибирленген картоп виброжуу машинасына беріледі, тас
ұстағыштан өтеді, картоптазалау
машинасында тазаланады, инспекция және
толық тазалау конвейеріне түседі де, сульфитация үшін машинаға бағытталады
да таразы мөлшерлегішіне түседі. Картопты сульфиттеу 5 минут бойы 0,5-1%-
дың натрий сульфиті ерітіндісімен жүргізіледі. Бұл әдіспен өңделген картоп 2-
7°С температурада 48 сағат бойы ауа қатысында қараймай сақталады (немесе
15-16 температурада 24 сағат).
Картопты механикалық өңдеуден түскен қалдықтар крахмал алу үшін
крахмал бөліміне түседі.
ЛМО ағынды желісінің өнімділігі 300-500 кг/сағат. Технологиялық үрдіс
ерекшелігі тамыржемістерді жуған соң пеште 1000°С температурада термиялық
күйдіреді, содан соң душ қондырғыларында тамыржеміс бетінен қабығын
жуады.
Қалған өндірістік үрдістер (толық тазалау, өлшеу, буып-түю) ПЛСК-63
желісінде сияқты, сульфитация үрдісін жүргізбей жүзеге асады.
ЛМО желісінде пиязды өңдеу күйдіруден басталады,
содан соң
технологиялық үрдіс жоғарыда көрсетілгендей жүреді. ЛМО желісі
қолданылмайтын көкөніс цехтарда пияз қолмен аршылады. Әр жұмысшыға
арнайы үстел мен тартпа жүйесімен жабдықталған жұмыс орны
ұйымдастырылады.
Дайындалған көкөніс
фабрикаттарын қаптамаға салып, маркілейді де,
экспедицияға жібереді.
Цехта еңбекті ұйымдастыру. Кішігірім көкөніс цехтарында жұмысты
өндіріс меңгерушісі, ірі көкөніс цехтарын
цехбастығы немесе бригадир
ұйымдастырады.
1-ші және 2-ші разрядты тазалағыштар көкөністерді өңдеу және жартылай
фабрикаттарды даярлау бойынша барлық операцияларды орындайды.
Өндірістік бағдарламаға сәйкес күн бойы тағамдарды өткізу мерзіміне
байланысты көкөніс жартылай фабрикаттарын өндіру графигі құрылады.
Жұмыс күні соңында жауапты жұмысшы шығындалған шикізат пен
өндірілген жартылай фабрикаттар туралы есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: