К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет53/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
оңтайлы 
микроклимат 
құрылу 
керек. 
Микроклимат факторларына температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы 
жылдамдығы жатады. Ыстық және кондитерлік цехтар микроклиматына 
сонымен қатар жабдықтардың қызған беттерінен жылулық сәулелену де әсер 
етеді. Аса қызып тұрған плитаның ашық беті жұмысшылардың жылу өтуін 
тудыратын сәулелер бөледі. 
Алдын-ала даярлау және салқын цехтарда оңтайлы температура 16-18°С, 
ыстық және кондитерлік цехтарда 23-25°С шегінде болу керек. Цехтарда 
салыстырмалы ауа ылғалдылығы -60-70 % . 
Микроклимат шарттарының мәліметтері ағынды–тарту желдеткіш 
қондырғысы көмегімен құрылады. Тарту қондырғысы ауа ағынынан үлкенірек 
болу керек. Ыстық цехтарда ортақ желдетуді қолдануымен қатар жергілікті 
желдету қолданылады, секциялық-модульді жабдықтар үстінде (плита, таба, 
фритюрница, мармит) жергілікті желдеткіш сорғыштарын орнатады. 
Қазіргі заманғы кәсіпорындарда оңтайлы микроклимат құру үшін 
автоматты кондиционерлерді қолданады. 
Жұмысшылар шаршағыштығын төмендету, жарақаттануды алдын-алу 
үшін маңызды шарт өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындарын дұрыс 
жарықтандыру болып табылады. Цехтарда міндетті түрде табиғи 
жарықтандыру болу керек. Жарықтандыру коэффициенті (терезе ауданының 
еден ауданына қатынасы) 1:6 аз болмау керек, ал жұмыс орнының терезелерден 
қашықтығы 8 м аспау керек. Аспазшы жұмыс істегенде терезе қорап 
тұратындай немесе жарық сол жақтан түсетіндей өндірістік үстелдерді 
орнатады. 
Жасанды жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар немесе қыздыру 
шамдары қолданылады. Шамдарды таңдау кезінде норманы қадағалау керек – 
цехтің 1 м

ауданына 20 ВТ келу керек. 
Өндірістік бөлмелерде жуу ваннасына, электр қайнатқышқа, тағам пісіру 
қазандарына ыстық және суық су жүргізілу керек. 
Канализация ванна, тағам пісіру қазандарын қолдану кезінде ағынды 
суларды жою қамтамасыз етеді. 
Өндірістік цехтарда механикалық және тоңазыту жабдықтары жұмысы 
барысында шу пайда болады. Өндірістік бөлмелерде шудың рұқсат етілген 
деңгейі -60-70 Дб. Өндірістік бөлмелерде шу деңгейін төмендетуді төмендегі 
жолдармен жетуге болады: 
 дыбыс жұтатын материалдарды қолдану; 


88 
 дыбыс жұтатын кожухтармен амортизаторларға электроқозғағыштарды 
орнату, діріл жұтатын фундаментке жабдықтарды орнату
 жабдықтың жұмысы барысында шуды көтеретін бұзылуларды уақытылы 
жөндеу; 
 машиналар мен механизмдердің бірігетін бөліктерін тұрақты бақылау; 
амортизациялық төсеніштердің күйін, майлауды және т.б. тексеру; 
 жабдықтарды уақытылы тексеру және жөндеу; 
 өндіруші-зауыт паспортында көрсетілген тәртіпте жабдықтарды қолдану; 
 жұмыс орнын, машиналар мен механизмдерді жұмысшыларға шу әсері аз 
болатындай орналастыру; 
 даяшылар, бармендер, буфетшілердің жұмыс орнын жұмыс орнын шу аз 
жерге, эстрададан, акустикалық жүйелерден алыс орналастыру: 
 тұтынушыларға арналған бөлмелерде музыкалық безендіру қуатын 
шектеу; 
 жұмысшылардың қысқа мерзімді демалу орындарын дыбыс оқшаулағыш 
және дыбыс жұту құралдарымен жабдықтап ұйымдастыру. 
Әрбір жұмыс орны жеткілікті мөлшерде құралдармен, инвентарьмен және 
ыдыстармен жабдықталу керек. Өндірістік инвентарьға беріктілік, жұмысқа 
сенімділік, эстетикалық және т.б. талаптар қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет