К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Толық циклді өндірісті кәсіпорындарда көкөніс цехы жұмысын



Pdf көрінісі
бет55/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117
6.4. Толық циклді өндірісті кәсіпорындарда көкөніс цехы жұмысын 
ұйымдастыру 
Көкөніс цехтарын үлкен және орташа қуатты кәсіпорындарда 
ұйымдастырады. Көкөніс цехы жалпы өндірістік дәліздермен қиылыспай, 
шикізатты тасымалдау үшін әдетте көкөніс камерасы орналасқан кәсіпорын 
бөлігінде орналастырылады. Цех салқын және ыстық цехпен ыңғайлы 
байланыста болу керек.


91 
Цехпен өндірілетін жартылай фабрикаттар ассортименті мен мөлшері 
кәсіпорынның азық-түлік бағдарламасы ен оның қуатына байланысты. 
Көкөністерді өңдеу үрдісі сұрыптаудан, жуудан, тазалаудан, механикалық 
тазалаудан кейін толық тазалаудан, жуудан, тураудан тұрады. 
Көкөніс цехы үшін жабдықтарды кәсіпорын қуаты мен типіне байланысты 
Жабдықтау нормаларына сәйкес таңдайды. Көкөніс цехының негізгі жабдығы 
МОК-125, МОК-250, МОК-400 картоп тазалағыш, МРО-50-200, МРО-350 
әмбебап көкөніс кескіш болып табылады. МОП ІІ-1 көкөніс кескіш үккіш 
механизм 
ПІІ 
жалпы 
тағайындалған 
әмбебап 
жетектің 
ауыспалы 
механизмдерінің құрамына кіреді. Сонымен қатар механикалық емес 
жабдықтар (өндірістік үстелдер, картопты толық тазалауға арналған үстелдер, 
жуу науасы, көкөністерге арналған жүкқоймалар) орнатылады (6.2-сурет). 
6.2- сурет. Көкөніс цехында жабдықтарды орналастыру: 
1-картоп тазалағыш; 2-подтоварник; 3- жуу науасы; 4- картоп пен тамыржемістерді толық 
тазалауға арналған үстел; 5- жылжымалы стеллаж; 6- МУ-100 көкөніс кесу машинасы; 7-
өндірістік үстел; 8-пияз тазалауға арналған үстел. 


92 
Жұмыс орындары белгілі бір операцияларды орындауға арналған
құралдармен, инвентарьмен жабдықталады (6.3-сурет).
Көкөніс цехында картоп пен тамыржемістерді өңдеу желісін, балғын 
қырыққабатты және басқа көкөністер мен көкті өңдеу желісін ажыратады. 
Жабдықтар технологиялық үрдіс жүрісі бойынша орнатылады.
6.3-сурет. Көкөніс цехының өндірістік инвентарі мен ыдыстары: 
1-пышақтар: а-түбірлі, б-қырғыш, в-көкөніс тазалауға арналған, г,д-көзшелерді кесіп алуға 
арналған; 2-көкөністерге арналған үккіштер; 3- көкөністерді езуге арналған құрылғы; 4- көк 
пияз, аскөк, ақжелкен турауға арналған УНЗ қондырғысы; 5- тазаланған көкөністерді 
сақтауға арналған контейнерлер; 6- тасымалдау үшін арбасы бар қалдыққа арналған бактар; 
7-картопты толық тазалауға арналған пневматикалық құрылғы. 
Картоп және тамыржемістерді өңдеу желісінде жуу науасын, картоп 
тазалағышты орнатады. Машиналық тазалаудан кейін арнайы үстелдерде толық 
тазалайды (6.4-сурет). Үстел қақпағында шұңқыр бар, онда тазаланған 
көкөністерді салады және екі саңылау бар: сол жағындағы – тазаланған 
көкөністер үшін, оң жағында – қалдықтар үшін. Картопты толық тазалап болған 
соң, оны суы ба науаға салып, 2-3 сағатқа дейін сақтайды. 
Пияз, сарымсақты тазалау сору қондырғысымен жабдықталған арнайы 
үстелдерде жүргізіледі.


93 
Қырыққабатты, көкті өңдеу желісінде өндірістік үстелдер, жуу науасы 
орнатылады. Тазаланған көкөністерді жуып, тағайындалуына байланысты бір 
бөлігін бүтіндей пісіру үшін, қалған бөлігін машинамен немесе қолмен 
турайды. Тазаланған және туралған көкөністердің бетін ластанбау және кеуіп 
қалмау үшін ылғал матамен жауып қояды. 
6.4-сурет. Картоп пен тамыржемістерді қолмен толық тазалау үшін жұмыс орнының 
сызбасы: 1-картопты сақтауға арналған суы бар желоб; 2- қалдықтарға арналған саңылау; 3-
толық тазаланған картопқа арналған саңылау; 4-шынтақ сүйеніші және аяқ тірегіші бар 
орындық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет