164
Мармиттер жұмысы
аяқталған соң оларды сөндіріп, науадағы суды және
поддондағы конденсатты төгеді. Науаны, поддонды, марситтің сыртқы жағын
сабынды жылы сумен жуып, құрғақ шүберекпен сүртеді.
Шкаф сөрелерін
сүртеді.
Жылулық витриналар. Жылулық витриналар пісірілген өнімдерді,
пиццаны сақтауға және жылы күйінде көрсетуге арналады, сонымен қатар
порциялық немесе гастрономдық сыйымдылықтардағы
екінші тағамдарды
сақтауға арналады. Жылулық витриналар габаритіне, сыйымдылығына
байланысты үш топқа бөлінеді:
Ең кішкентай, үстелге қойылатын, бір
немесе екі қабатты жылулық
витриналарды бейтарап беттерге қойылады немесе бар тұрағына орналастыруға
болады.
Екінші топ- көп қабатты витриналарды, оларды шкафтар деп атайды,
айналымы үлкен және ауданы үлкен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына
арналған. Екі топқа жататын витриналар мен шкафтардың жан-жағы шынымен
жабылған, стационарлы және айналмалы сөрелермен жабдықталуы мүмкін.
Жеке топқа модульді тарату желілеріне арналған жылулық витриналар
жатады.
Барлық витриналардың корпустық элементтері тот баспайтын болаттан
жасалады, термотұрақты шынымен қапталады.
Барлық типті витриналарды
ТЭН көмегімен қыздырылады. Витрина моделі ас мәзіріне және нақты
талаптарға сәйкес таңдалады.
6.18.3. Тоңазытылатын элементтер
Залда қолданылатын тоңазытылатын элементтерді бірнеше топқа бөлуге
болады. Біріншіден, бұл науасы бар тіктөртбұрышты тоңазытылатын сөрелер,
оған сусындармен
бөтелкелер немесе стақандар, креманкадағы тісбасарлар
немесе десертер қоюға болады. Науаны көбірек тоңазыту және көрнекті түр
беру үшін түйіршікті непесе қабыршақты мұзбен толтырып, оның үстіне
өнімдерді салуға болды.
Екіншіден, бұл тарату желісінің құрамына кіретін жабық витриналар. Олар
3-4 сөремен жабдықталады, оған порциялық салаттар, тісбасарлар, десерттер,
сусындар қойылады. Порциялық өнімдер желденбеу үшін
көлемі статикалық
тоңазытумен орындалады.
Сонымен қатар үстелге қойылатын және еденге орнатылатын
тоңазытылатын витриналар – тарату желісінің құрамына кірейтін жеке
модульдер. Витрина корпусы металдан немесе ағаштан жасалуы мүмкін, бұл
оның кез-келген интерьерге сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Бұндай
витриналар айналмалы сөрелермен және барлық жағынан шынымен қапталған
болуы мүмкін. Бұл тағамдардың көп ассортиментін ұсынуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: