К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Еңбекті нормалауды жетілдіру



Pdf көрінісі
бет92/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117
7.6. Еңбекті нормалауды жетілдіру 
Еңбекті ұйымдастырудың басты бағыттарының бірі - еңбекті нормалауды 
жетілдіру, техникалық негізделген еңбек нормаларын енгізу. Техникалық 
нормалау өңдеу нормасы, уақыт нормасы, қызмет көрсету нормасы түрінде 
прогрессивті еңбек нормаларын өндіруге бағытталған. Бұл кезде өндірісті 
ұйымдастыру, машиналарды тиімді пайдалану, еңбекті ұйымдастырудың 
жетілген әдістері ескеріледі. 
Еңбекті нормалауды жетілдірудің маңызды жолы оларды кешенді 
нормалау болып табылады. Материалды, энергетикалық қорларды қолданудың 
аса артық немесе ескірген нормаларын (нормативтерін) қолдану, не болмаса ол 
нормалардың мүлдем болмауы өнім бірлігіне шаққанда еңбек шығындарының 
артуына алып келеді. Материалды, энергетикалық қорларды нормалауды еңбек 
шығындарын норалаумен қатар жүзеге асыру керек. Ғылыми негізделген 
нормалаусыз ЕҒН аз экономиалық тиіділік береді.
Еңбек нормаларын, сол сияқты басқа қорлар түрлерін нормалауды 
құрастыру заманауи техникалық құралдарды қолданумен арнайы әдістермен 
жүргізеді. Ғылыми негізделген нормаларды құрастыру әдісі техникалық 
нормалау деп аталады. Бұл әдісті қолдану кезінде еңбек шығындары мен 
шарттарын тікелей нақты жұмыс орнында сәйкес біліктілігі бар мамандар 
зерттейді. Бақылау барысында нормалаушы (орындаушы, үрдіс және еңбек 
шарттарының сипаттамасын құрған соң) орнатылған түрде әр операцияға 
немесе әр тәсілген кеткен еңбек шығындарын өлшеп, бекітеді. Бір мезгілде 
жұмыс уақыты шығындарының барлық түрлерін және оның себептерін 
айқындайды. 
Нақты жағдайда белгілі-бір жұмысты орындау, еңбек үрдісін зерттеу 
нәтижелеріжұмыс уақыты шығындарын жою жөнінде шараларды анықтауға, ал 
одан кейін осы шараларды жүзеге асырған соң еңбек шығындарының ғылыми 
негізделген 
нормаларын 
енгізуге 
(ұйымдастыру-техникалық 
және 


185 
технологиялық бұзылуды жоюды ескеріп), одан да рационалды жұмыс әдістері 
мен тәсілдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Негізделген еңбек шығындарының нормалары өнім, қызмет, жұмыс 
бірлігіне шаққанда қоғамдық қажетті уақыт шығынынан тұрады. Техникалық 
нормалау әдісімен негізделген еңбек нормаларын экономикалық есептеулерде, 
жоспарлау 
барысында, 
өзіндік 
құнын 
калькуляциялауда, 
еңбекті 
ұйымдастырғанда және т.б. қолданылады. Бірақ бұл нормалар тұрақты емес: 
олар орнатылған кездегі жағдайлар өзгеруіне қарай ескіреді (жабдықтарды 
жетілген түрімен ауыстыру, рационалды құралдар енгізу және т.б). 
Жақсартылған еңбек ағдайлары да прогрессивті түрлерін орнатуға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет