190
Жұмыс уақытын
қосынды есептеу графигі қалыпты жұмыс күнін орнату
мүмкіндігін болмаған жағдайда біртексіз жүктелген жеке апта немесе ай
күндері қолданылады. Қосынды графикте апта күні бойы әртүрлі жұмыс
күнінің ұзақтығы рұқсат етіледі, бірақ 11сағат 30минуттан аспау керек және бір
айға орнатылған жұмыс уақытын міндетті орындағанда демалыс күндері берілу
керек.
Екі бригадалы график жұмыс уақытын қосынды есептеу графигінің бір
түрі. Бұл график түрінде саны мен құрамы бойынша бірдей екі бригада
ұйымдастырылады. Олар 11сағат 30минуттан күн ара ауысып жұмыс істейді.
Бұл график артықшылығы-күні бойы бригада құрамы тұрақты, бұл өндірістік
тапсырманы
орындауға
жауапкершілікті
арттырады.
Кемшілігі
жұмысшылардың біртекті жүктелуі, жұмыс күні ұзақтығының көп болуы болып
табылады, ол шаршауды тудырып, өнім сапасының төменденуіне, еңбек
өнімділігінің қысқартыуына алып келеді.
Құрама график әртүрлі график үйлесімін қарастырады және жұмыс күні
ұзартылған
кәсіпорындарда
қолданылады.
Бұндай
гафик
көбіне
мейрамханаларда қолданылады, онда жалпы жұмыс екі бригадалық график
бойынша құрылады да, тағам даярлау үрдісі мен саудалық зал жүктелуі
ескеріліп, кейбір жұмысшылар таспалы график бойынша шығады.
Әрбір жұмысшының жұмыс уақытын есептеу үшін жұмыс уақытын
есептеу иабелі жүргізіледі, оған директор қол қояды. Табель айлық түсіру үшін
құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: