187
жоғары болған сайын, бөлінетін толқын ұзындығы аз болады, бұндай толқын
адам денесіне еркін кіріп, денені қыздырады.
Жұмыс орныдарында өндірістік жабдықтардан жылулық сәулелену
қарқындылығының рұқсат етілген шамасы адам денесінің 25-50% сәулелену
беті кезінде 70 Вт/м аспау керек.
Инфрақызыл сәулеленудің аспаздар, кондитерлер организіміне қолайсыз
әсерін болдырмау үшін:
секциялық-модульді жабдықтау қолдану;
плиталардың жұмыс бетін максималды ыдыстармен толтыру;
уақытылы электроплиталар секциясын сөндіру немесе азырақ қуатқа
ауыстыру;
пеш, плита, қуыру шкафтары және қыздыратын басқа жабдықтар
жанындағы жұмыс орнында ауалы себелеуді қолдану;
жұмысшылардың аусым ішілік тәртібін ретеу керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында жұмысшыларға ас үй плитасының
қызған беттері қолайсыз әсер етуі мүмкін. Өнімдеді қуыру кезінде аспаз плита
жанында 7-10с тұру керек.
Соңғы жылдары қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары арнайы
жабдықтармен жабдықталады. Бұл жабдықтардың жылулық оқшаулағышы бар
және аз дәрежеде сыртқа сәулелі жылу бөледі. Плиталардың қуыру беттерінің
ас үй ауданына қатынасы 1:45 немесе 1:50 болу керек, яғни ас үй ауданы плита
ауданынан 45-50есе көп болу керек.
Ас үй микроклиматының біршама дәрежеде жақсаруына кәсіпорындарды
секциялық жабдықтармен жабдықтау ықпал етеді. Жабдықтарды біржақты
қызмет көрсету арқылы сызықты орналастыру өндірістік бөлмелер ауданын
үнемдеп қана қоймай, ас үйді тиімді желдетуді жабдықтау мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: