К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
тipкecmipy;  4)  қысқарту  тәсілдерін  біз  осы  еңбек  негізінде 
аналитикалық  тәсілдің  құрамында  қарастырып,  сала  мамандарына 
ұсынып отырмыз.
 
Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді біріктіру, қосарлану, 
тіркестіру  арқылы  көрінеді  де,  сөзжасам  проблемасының  шеңберіне 
еніп, оныңбipтәсілі болып табылады. Яғни бұл тәсіл сөздерді бipiктipу
сөздерді  қосарлау,  сездерді  тipкecтipу  жолдары  арқылы  icкe  асады. 
Сөйтіп барып, жаңа мағыналы сөз, жаңа ұғымның атау қажеттігі туып, 
тілдің сөздікқұрамы дамып, оныңқатары өpicтейтүседі, байи түседі. Бұл 
бip,  ол  -  тілдік  құбылыстың  басты,  мәнді  ерекшелігі.  Екіншіден,  осы 
жолдар  арқылы  жасалған  жаңа  туындылар  морфологиялық  құрамы 
жағынан  (грамматикалык  сипаты)  курделі  сөздер  тобына  жатады. 
Күрделі  сөздердің  лексика-  грамматикалық  сипаты  жағынан 
әрқайсысының  жасалу  жолы,  құрамдық-тұлғалық  ерекшеліктері  бар:
 
қандай  сөздер(мағыналық  және  тұлғалық-құрамдық,  қатысты 
ерекшеліктеріндегі  және  грамматикалық  топтағы)  бip-бipiмeн  бipiгедi, 
немесе  қосарланады,  немесе  тіркеседі  т.б.  Айталық,  зат  eciммен  зат 
eciм (белбеу - бел бау), сын eciммен зат eciм (ашудас - ащы mac),есімдік 
пен зат eciм(бүгін - бұл күн) т.б. бipiкce, мағыналары бip-бipiнe жақын 
синонимдес  немесе  мағыналары  бip-бipiнe  қарама-қайшы  антонимдес 
сөздер  біріңғай  мәнде  қосарланады:  аға-iнi,  үлкен-кіші,  ыдыс-аяқ, 
т.б.[36]. 


74 
 
Н.  Оралбаева  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  жайында  тың 
пікірді  білдірген.  Ғалым  өзінің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктін 
аналитикалық  формасы»  атты  докторлық  диссертациясында  күрделі 
сөздер тобын сөзжасамның нысаны екенін дәлелдеді. Осы еңбегінде Н. 
Оралбаева,  тіркесу  жолымен  жасалған  сөздердің  сөз  тіркестерінен  4 
түрлі  айырмашылығын  атап  көрсетті:  «1)  сөз  тіркесі  кем  дегенде  екі 
сыңардан  туып,  соған  сәйкес  екі  лексикалық  мағынаны  білдіреді;  2) 
күрделі  сөз  тіркесінің  сөйлемдегі  3  жеке  бір  сыңары  –  сөз  ретінде 
қатысады.  Күрделі  сөздің  құрамындағы  сыңарлы  сөйлемдегі  басқа 
сөздермен сөз тіркесін жасай алмайды, күрделі сөз тұтас күйінде басқа 
қызмет атқарады», - деген тұжырым жасайды. 
Тілші, сонымен, сөз тіркесінің құрамы тұрақсыз екенін дәлелдейді. 
Н.  Оралбаева  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  туралы  былай 
дейді  «Қанша  ғасыр  өтсе  де,  тілде  аналитикалық  тәсіл  арқылы  сөз 
жасау  үзбей  жалғасып  кете  жатуымен  байланысты  қазақ  тілінің сөздік 
байлығы  толығуда,  ол  қазір  қолданыс  аясын  кеңітіп,  сөздік  қордың 
барлық саласынан орын алды [37,35-38]. 
Аналитикалық  тәсіл  –  күрделі  туынды  аталып  жасалудың 
ұстанымы  емес,  ұғымды  бірнеше  сөздердің  тіркесі  арқылы  таңбалау, 
курделі құрылымдық жүйенің дара бірлік ретінде қалыптасуы, әр түрлі 
мағынаны  білдіретін  тіркестер,  бip  номинативті  мағына  беретін  тұлға 
ретінде жаңа қызметте жұмсалуы, сөйтіп, біртұтас тұрақты мағынаға ие 
болып,  лексема  ретінде  қалыптасуы,  тілдегі  сөз  тipкecтepiнiң 
мағыналық  жағынан  өзгеріске  түсуі,  тілдің  семантикалық  даму 
заңдылығына  сәйкес  жүреді.  Олардың  курделі  сөзге  айналуы  – 
сөзжасамның  нәтижесі.  Мысалы,  шыбынжан,  қантөгіс,  қанмайдан 
(қиян-кескіұрыс), 
қансорғыш 
(қанаушы), 
қолжаулық(бipeyдіңқолшоқпары  болу),  қыз  ойнақ  (ойын-сауық,  көңіл- 
көтеру), мойын cepiк(ұжым болып, бipiгin жұмыс icmeу) [29,13]. 
Күрделі  сөздерді  профессор  А.Ысқақов  морфология  саласында 
зерттейді.  Ғалым  қазақ  тіліндегі  күрделі  сөздерді  сыртқы  кескін-
тұрпатына қарай: біріккен, қосарланған, тіркескен (қосарлама) [19] деп 
бөледі.  Ғылым  –  «тіркескен»  термин  сөзді  алғаш  қолданушылардың 
бірі.    Себебі  зерттеуші  тіркесті  күрделі  сөздердің  табиғаты 
басқаларынан  сыртқы  тұрпаты  өзгеше  екенін  байқаған.  Әсіресе  ол 
күрделі  сындар,  күрделі  сандар  мен  күрделі  етістіктерге  тән  қасиет. 
Мысалы, қызыл ала, қара сұр, он бес, қырық жеті, келіп кет, ала шық, 
қайтып кел, т.б.  
Тіл  білімінде  күрделі  сөздерге  қатысты  терминдер  жайында  түрлі 
көзқарастар  бар.  Мәселен,  күрделі  сөз  (сложное  слово)    және  құранды 
сөз (составное слово) бе? Мұндай әр түрлі көзқарас, әр түрлі терминдік 
аталым түркітануға, соның ішінде қазақ тіл біліміне де қатысты.  
А.И.  Моисеевтің  айтуынша,  «күрделі  сөз»,  «құрама  сөздер» 
терминдері  бір-бірінің  дублеті,  не  жақын  синонимдері  болмайды, 


75 
 
себебі әрбіреуінің өзінің жеке мазмұны бар [38]. Тілші бұл дәйектемеде 
жалпы лингвистикалық еңбектер мен сөздердіктерде күрделі сөздердің 
аталуы  аталуы  мен  берілуіне  байланыстыөз  көзқарасын  білдіреді. 
Бұның  өзі  осы  уақытқа  дейін  бірізді  қалыптасқан  анықтама  мен 
терминнің  жоқтығын  көрсетсе,  екіншіден,  ол  күрделі  сөздердің  өзіне 
ұқсас  сөз  тіркестерінен  қандай  айырмашылығы  бар  деген  сауалға 
әкелетіні  сөзсіз.  Мысалы,  алтынкүрек  (жел),  алтын  қасық  (тіркес), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет