УДК
ББК
Пікір берушілер: филол.ғ.д., профессор Ш.М.Мажитова
филол.ғ.д, ассистент-профессор С.Әлісжан
филол.ғ.д, профессор Р.Г.Сейдахметова
3
Алғысөз
Тіл білімі тарихын теориялық тұрғыдан зерделеу үшін оның
өткені туралы мәлімет жинастырудан басқа, сол ғылым дамуының
қазіргі күйін де айқындаудың маңызы зор. Тіл біліміне қатысты жаңа
зерттеулер оның біршама алға жылжуына, дамуына және болашағының
қалай болатынын бағдарлауға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
Тіл ғылымы – гуманитарлық ғылым ретінде әруақытта да
теориялық тұрғыдан зерттелуді қажет етіп қана қоймай, осы саладағы
тың зерттеулердің және нақты ғылыми тұжырымдардың да
жүйеленуін талап ететін ғылым саласы. Ғылымдағы теориялық-
әдістемелік ізденістердің бағыт-бағдарына қарай тіл ғылымы да – өсіп-
өркендеп, өзгеріп отыратын ғылым.
Тіл білімі салаларының зерттелуі деңгейіне шолу жасап,
ғылыми еңбектерге қысқаша шолу жасау өзекті, сондықтан «Тіл
ғылымының зерттелу тарихы» атты монографияның осындай
мақсаттарды жүзеге асырудағы орны маңызды, оның іс жүзіндегі
зәрулігі, мамандар даярлаудағы қажеттілік мәселесін ескерген жөн.
Қолдарыңыздағы монографияны жазу барысында авторлар қазақ тілі
мен әдебиеті бағытында мамандар даярлау үшін ғана емес, тіл білімінің
тарихына шолу жасау сияқты аса маңызды мақсатты алға қойып отыр.
Бұл мақсат, алдымен ғылымның келген межесін белгілеу, алда тұрған
мақсат-міндеттерін анықтау үшін де қажет.
Осы орайда қазақ тілі білімінің кешегісі мен бүгінгісін зерделеп
алмай тұрып келешегін, яғни мақсат-міндеттерін белгілеу тиімді емес.
Өйткені тіл ғылымының мақсат-міндеттері оның өткен тарихынан,
даму жолдарынан, алдына қойған және қоймаған, шешімін тапқан және
таппаған мәселелерінен келіп туындайды. Демек, тіл ғылымының
теориялық та, практикалық та аспектілерін өткенге және қазіргіге
қатысты жинақтау және салыстырмалы-салғастырмалы әдістермен
зерттеу тілдің дамуына тікелей септігін тигізеді.
Тіл ғылымының тарихы мен қазіргі күйін жинақтап жүйелеудің
тағы бір маңыздылығы заманауи ғылымның бүгінгі күнгі ұлтаралық
интеграциялық үдерістер аясындағы орнын танып білуге де жол
ашады.
Аталған монографияның алғашқы бөлімінде түркітанудың
тарихы, түркі тілдерінің түрлі аспектілерде зерттелу мәселесі, сондай-
ақ фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис
салаларының тіл білімінде қаншалықты зерттеу нысанына
алынғандығы, ғалымдардың өзектілігін жоймаған жекелеген ғылыми
4
идеялары, түбегейлі зерттей түсуді қажет ететін мәселелер жайлы
баяндалады.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуына зор еңбек еткен
белгілі ғалымдар, профессорлар мен түркітанушылардың еңбектер
тізімі хронологиялық ретпен жүйеленген. Еңбекте қазақ тіл біліміне
қатысты оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, ұжымдық
еңбектер (қазақ тілі грамматикалары), қазақ тілі энциклопедиясы,
ғылыми еңбектер (кандидаттық, докторлық диссертациялар) және
зерттеу мақалаларына шолу жасалған, әрбір еңбекке сипаттама беріліп,
өзекті мәселелер бойынша өзіндік тұжырымдар мен болжамдар
ұсынылған. Еңбекте грамматика саласына қатысты зерттеулер біршама
жүйеленген. Тілдік категориялар, оның ішінде категорияның жалпы
ғылыми түсініктемесі, грамматикалық және ұғымдық категориялар,
семантикалық және тағы басқа категория түрлерінің лингвистикалық
табиғаты салғастырмалы түрде сипатталған. Зат есімнің лексика-
грамматикалық топтары жайлы ақпарат терең қарастырылған, олардың
әсіресе ономастика және топонимика саласында тың зерттелгендігі
туралы ғылыми мәлімет берілген.
Монографияда
лексикология
аспектілері
де
жетік
қарастырылған, атап айтқанда, лексикалық мағынаның ішкі
компоненттері (денотаттық және сигнификаттық мағыналар), зат
есімдердің жеке, жалқы, жалпы, деректі, дерексіз, белгілі, белгісіз
мағыналары жайлы пікірлер, талдаулар басым және сөз семантикасы
жайлы пікірлер орыс тіл білімімен салғастырыла талданған.
Морфология саласы бойынша сөз таптары, оның лексика-
грамматикалық топтарына қатысты мәселелер сарапқа салынған.
Синтаксис саласы бойынша сөйлемнің актуальды мүшеленуі,
коммуникативтік синтаксистің даму тарихы, бір негізді сөйлем түрлері,
жақтылық пен жақсыздық, белгілілік және белгісіздік категориялары,
құрмалас сөйлем семантикасы, синтаксистік қатынастар, іргелес
салалас сөйлемге қатысты теориялық мәліметтер талданған.
«Тіл ғылымының зерттелу тарихы» монографиясын оқу
орындарының (колледж, институт, университет және т.б.) 5В011700-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын білімгерлерге оқу
құралы ретінде де, элективті пән, арнайы курс материалы ретінде де
қолдануға болады.
Еңбекке сын-ескертпелер барысында болашақта теориялық та,
практикалық та бағытта толықтырулар, түзетулер енгізіледі деген
ойдамыз.
|