К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

білезік,  қарлығаш,  қызғыш,  бүгін,  биыл,  әкел,  әпер,  бүрсігүні,  былтыр, 
ендігәрі дегендердің білек, жүзік, қара ала құс, қызыл құс, бұл күн, был 
жыл, алып кел, алып бер, т.б. сияқты сөздерінен шыққанын екінің бірі 
біле  де  бермейді.  Қазақ  тілінің  ғылыми  грамматикаларында  мұндай 
сөздерді кіріккен сөздер деп атайды.  
Сонымен,  екі,  кейде  одан  да  артық  сөздерден  бірігіп,  тұтас  бір 
ұғымды білдіретін сөздерді біріккен сөз деп атайды.  
Біріккен  сөздер  сөз  табының  барлығында  да  ұшырайды.  Мысалы: 
бүгін, биыл, ендігәрі, былтыр – үстеу; әкел, әкет, апар – етістік; сексен, 
тоқсан – сан есім; шекара, демалыс, есуас  – зат есім; әлдекім, әркім – 
есімдік.  
Күрделі  сын  есімдер  –  мағыналық  тұтастығы  бар,  екі  түстің 
қосындысынан  бір  түс  пайда  болғандай  лексикалық  единицалар. 
Сондықтан  олар  –  біріккен  сөздер.  Біріккендердің  ереже  бойынша 
бөлек  жазылатынының  бір  мысалы  –  осылар.  Алайда  баспасөзде 
аракөк,  сарыала,  ақсары  тәрізді  сөздер  біріккен  қалпында  жиі 
кездеседі. Әрине Абай: 
Кәрі Каспий қаракөк көзін ашты, 
Жылы жүзбен Терекке амандасты. 
- дегенде, «қаракөкті» екі  түс деп айтпаған болар. Ал,  қара  бурыл, 
қара  қошқыл,  қызғылт  сары,  көк  қасқа,  тарлан  көк,  бурыл  төбел 


86 
 
сияқты  күрделі  сөздердің  бірігу  дәрежесі  олай  емес,  соңғылар  –  тек 
негізгі    түстің  өзгешелеу  өңін  айқындайтын  күрделі  сын  есімдер. 
Қайсысы  жаңа  сапалы  сын,  қайсысы  қосымша  сапалы  сын  екенін 
айырып  жату,  соған  қарап  біразын  біріктіріп,  біразын  бөлек  жазу 
қиындық тудыратындықтан, аталған ережелер жинағында бәрін бірдей 
біркелкі бөліп жазуды ұйғарғанбыз. Сан есімдер де солай.  
Біріккен  сөздер  де  есімді,  етістікті  болып  бөлінеді.  Есімділердің 
басыңқы  бөлшегі  есім  болады  да,  бағыныңқы  сыңарлары  есім  де, 
етістік  те,  үстеу  де  бола  береді:  бұзаубас,  жартас,  жолбарыс, 
алтыбақан,  бірқазан,  келіссөз,  ашкөз,  алжапқыш.  Етістікті  біріккен 
сөздердің соңғы бөлшегі етістік болады да, бірінші сыңары есім, етістік 
бола береді: жанкүйер, сөзқұмар, бесатар, итемген.  
Біріккен  сөздердің  бұлай  есімді,  етістікті  болып  бөліну  негізі 
сондай құрамдағы сөз тіркестерімен ұқсастығынан туады: есімділердің 
бағыныңқы сыңары есім болса, етісті сөз тіркестерінің басыңқы, соңғы 
сыңарлары  етістік  болады.  Алдыңғылар  соңғыларға  қарағанда  өте  жиі 
кездеседі.  
Біріккен  сөздер  құрамы  тұрақты  тіркестердегі  сияқты  дағдылы 
сөздер  болады.  Бірақ  олардың  көбі  келтірінді  мағынадан  гөрі  тура 
мағынада  көбірек  жұмсалады.  Ондайда  біріккен  сөздердің  кейде 
басыңқы,  кейде  бағыныңқы  сыңарларының  мағыналары  күңгірттеніп 
морфемалық  дәреже  бейім  тұрады.  Ондайлар  жүре  бара  көптеген 
біріккен сөздер құраудың амалына айналады. Мысалы:  
Құмар:  атаққұмар,  араққұмар,  әнқұмар,  әзілқұмар,  бәлеқұмар, 
баққұмар,  дүниеқұмар,  даңққұмар,  кітапқұмар,  қалжыңқұмар, 
қанқұмар,  мақтанқұмар,  малқұмар,  сөзқұмар,  соғысқұмар,  сәнқұмар, 
шайқұмар.  
Тану:  Абайтану,  әдебиеттану,  жаратылыстану,  өлкетану, 
табиғаттану, шығыстану.  
Бет:  беталды,  бетбақ,  беталыс,  бетбұрыс,  бетперде,  бетіпезер, 
беташар.  
Ит: итсигек, итемген, итмұрын, итаяқ.  
Біріккендердің  екінші  –  басыңқы  сыңары  етістік  болғанда,  ол 
көбінесе  келер  шақтық  –  ар/-ер/-р  тұлғалы  есімше  болады:  ауызашар, 
атқамінер, алтыатар, беташар, бесатар, баскесер, басбұзар, елкезер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет