К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет55/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

кеңпейілділік(55-б), 
көкжалдар 
(39-б), 
саққұқлақ(40-б), 
бақталастырған(40-б), немқұрайды(59-б), тасталқан(107-б).  
Бұлар ереже бойынша фраза болғандықтан, бірікпей жазылуға тиіс 
екенін  білмегендіктен  емес,  солардың  әрқайсысын  сомданған  бір 
ұғымды  білдіретін  сөздер  деп  ұғынғандықтан  біріккен.  Сол  тұрғыдан 
жазушылар көптеген жаңа сөздер жасап жатса, оны сауатсыздық дейміз 
бе? Әлде қазақ тілін байытуға қосқан үлестері ме? Егер қалай тұрақты 
тіркестерді  біріктіруге  болмайды  деуге  ғылыми  дәлелдемелеріміз  жоқ 
болса,  тілдің  лексикасының  бір  саласындағы  сөздер  екінші  саласына 
ауысуын  олардың  лексикааралық  қарым-қатысы  деп  түсіну  керек 
болар.  Осындайларға  орфографиялық,  терминологялық  сөздіктерде, 
баспасөзде  кездесетін  мынандай  мысалдар  дәлел  бола  алатын  шығар: 
Алауыздық...  арадағы  өз  алауыздықтарын  жоюға  шамасы  келмейді 
(Соц.Қазақстан.1983.26 июль). Осы газеттің  «Алауыздық жағдайында» 
деген мақаласында «келіссөз», «айырбас», «көзқарас» деген сөздер бар. 
Бұлар  бұрынғы  фразалық  тұрақтылығын  жойып,  біріккен  сөзге 
айналып  сөздіктерге  де  енген.  Қансорғыш,  арамтамақ,  жатыпішер, 
атсалысу,  ауызбастырақ,  ауызбірлік,  ашкөз,  ашықауыз,  баққұмар, 
ашатұяқ, т.б. біріккен сөздер де – ол бастағы фразалық тіркестер.  
Фразалық 
тіркестердің 
бірқатары 
лексика-семантикалық 
тұтастығын күшейте келе әдеби тілде бір бүтін сөзге айналатын болды. 
Ондайды  әсіресе  сындық  сапа,  ұнамсыз  мәнді  сөздер  тобынан  жиі 
кездестіреміз: аласапыран заман, кәріқұлақ қариялар, қылжақбас адам, 


91 
 
есерсоқ  жігіт,  бойжеткен  қыз,  ержеткен  бала,  өркөкірек  батыр, 
желөкпе кісі, қолжаулық болу, қансорғыш помещик.  
Мұндайлар  «атқамінер»,  «көнетоз»,  «қанталаған»,  «жатыпішер», 
«алаңғасар» сияқтылармен әуендес болады.  
Қысқасы,  біріккен  сөздердің  жанданатын  да,  сыналатын  да  ұясы 
олардың грамматикалық қатынасқа енген кездері. Әшейінде бірікпеген 
ғой деп күманданатын сөздердің де өзгеше қырынан көрінетіні болады. 
Тағы  мына  мысалдарға  назар  аударайық:  «темір  жол  экономиканың 
күретамыры»,  «завод  коллективі  он  екінші  бесжылдықта»,  «он  екінші 
бесжылдықтың тапсырмалары» (Соц.Қазақстан. 1985. 8 июль). Осында 
оғаштық бар ма? Бар: Сөздіктер мен ережелерімізде күре тамыр, он бір, 
он екі дегендер бөлек жазылған. Бұл арада олар басқаша жазылған. Сол 
білместіктен кеткен қателер ме? Жоқ, әдейі, грамматикалық құрылыста 
солай айтылып, солай жазылуында ерекше мән болғандықтан жасалған 
еркін жаңа тіркестердің тұтастық топтары.  
Осылардың  бәрі  біріккен  сөз  жасалуының  заңдылықтары,  бәрінен 
де  олардың  аяқ  тірер  айқын  заңдылығы  –  белгілі  модельдерге 
құрылатындығы.  
Күрделі  сөздердің  синтаксистік  амалдар  арқылы, дәлдеп  айтқанда 
сөз  тіркестерінен  жасалатыны  белгілі.  Бұдан  да  дәлдеңкіреп  айтсақ, 
олар  сөз  тіркестерінің  барлық  түрлерінен  емес,  тек  номинативті 
(атауыш)  сөз  тіркестерінен  жасалады.  Бұл  арада  түсіндіре  кететін  бір 
жайт  мынау  В.В.Виноградовтың  сөз  тіркесінің  бәрін  сөзге  балап, 
оларды  сөйлемнен  айырып  танудың  басты  белгісі  –  номинативтілігі 
деген  болатын.  Сол  пікірді  ұнатқан  көптеген  ғалымдар  өздерінің 
еңбектерінде  «сөйлем  предикативтікті,  сөз  тіркесі  номинативтікті» 
білдіреді деп жазып келді. Дұрысында, сөз тіркестерінің бәрі олай емес, 
олардың номинативтілері: бар да, номинатив еместері бар [52].    
Біріккен  сөздердің  жасалуының  басты  заңдылығы  –  олардың 
жүйелі  түрде  белгілі  модельдерге  құралатындығы.  Олар  некен-саяқ 
пайда  болатын  модельдер  емес,  белгілі  грамматика-лексикалық 
үйлесімдерге  негізделген  модельдер.  Олардың  негізгі  схемасы 
мынадай:  
 
Аттар 
саны 
Моделі 
Мысалдар 
Құрамы 
Сөз табы 

З- 
З(зат  есім-
зат есім) 
Балықкөз 
Күркетауық 
Балмұздақ 
Киікоты 
Балық-көз 
Күрке-тауық 
Бал-мұздақ 
Киік-оты 
Зат есім 

С- 
З(сын  есім-
зат есім) 
Көкжөтел 
Бозторғай 
Қызылбұрыш 
Көк-жөтел 
Боз-торғай 
Қызыл-
Ауру аты 
Құстың аты 
Зат есім 


92 
 
Ұзынағаш 
бұрыш 
Ұзын-ағаш 
Жер аты 

Сан- 
З(сан  есім-
зат есім) 
Бірқазан 
Сегізаяқ 
Бірқатар 
Бірауыздан 
Бір-қазан 
Сегіз-аяқ 
Бір-қатар 
Бір-ауыздан 
Құстың аты 
Күйдің аты 
Сын есім 
Үстеу 

З- 
Е(зат  есім-
етіс) 
Беташар 
Беталыс 
Шашсипату 
Бет-ашар 
Бет-алыс 
Шаш-сипату 
Зат есім 
Зат есім 
Зат есім 

Сан- 
С(сан  есім-
сын есім) 
Біраз 
Біркелкі 
Біртектес 
Бір-аз 
Бір-келкі 
Бір-тектес 
Сын есім 

Еш,  әрі  - 
есімдік 
Ешкім 
Ешқашан 
Әркім 
әрқайсы 
Еш-кім 
Еш-қашан 
Әр-кім 
Әр-қайсы 
Есімдік  
   
А.Н.Кононов 
біріккен 
сөздің 
(«словосложение») 
жасалу 
заңдылығына  олардың  белгілі  модель  бойынша  құрастырылатынын 
жатқызады:  Ол  синтаксистік  тәсілмен  жасалатын  ондай  сөздердің 
жасалу  заңдылығы  –  олардың  өздерінің  дербес  мағыналары  бар, 
морфологиялық  және  фонетикалық  ерекшеліктері  бар  модельдер 
құралатындығы,  -  деп  көрсетеді  [53].  Біріккен  сөздердің  белгілі 
модельдер  негізінде  жасалатыны,  бұл  айтқандай,  олардың  басты 
заңдылығы болатынына күмән келтіруге болмайды. Соған біз жоғарыда 
қазақ тілінің де фактілерін келтірдік. Сол тұста олай болудың басқа да 
себептерін  айттық.  Соларға  қосымша  ретінде  «сөзайналым» 
заңдылығына  да  назар  аударғымыз  келеді.  Біріккен  сөздердің  өздері 
сөзжасам  жүйесінде  туынды  сөздерге  жатумен  бірге  олардың  жаңа 
сөзге  айналып,  лексикалық  құрамға  енгендері  екінші  дәрежелі 
сөзжасамға баға болады: біріншісі – атауыш сөз тіркестерінен жасалған 
біріккен  сөздер  болса,  екіншісі  –  біріккен  сөздерден  жасалған  туынды 
сөздер. Мысалдар:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет