К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
тазаланды, үй майланды; қора тазартылды (ырықсыз етіс).  
Өздік  етіс  пен  ырықсыз  етістің  ұқсас  та,  өзгеше  де  жерлері  бар. 
Ұқсастығы:  1)  қосымшалардың  кейде  бірдей  болып  келетіні,  кейде 
өздік  я  ырықсыз  етіс  екені  контекстен  ғана  байқалады,  сөйтіп,  бір-
бірімен  омоформа  да  жасайды:  ол  дәрігерге  көрінді және  алыстан  бір 
қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. 
Негізгі  айырмашылығы:  олардың  білдіретін  семантикасында:  өздік 
етісте  логикалық  (іс  иесі)  субъект-грамматикалық  субъект  (бастауыш) 
болады,  ал  ырықсыз  етісте  грамматикалық  бастауыш    логикалық 
объект болады» [51;509]. 
Сонымен,  іс-әрекеттің  субъектіге  қатыстылығы  бойынша  өздік 
етісті  ырықсыз  етіске  қарсы  қоямыз.  Ырықсыз  етісте  бұл  қасиет  жоқ. 
Онда  субъектілік  іс-қимылға  қарсы  қойылған,  объектіге  бағышталған 
қимыл бар. 
Енді  өзгелік  және  ортақ  етіс  түрлерінде  де  ұқсастықтары  мен 
өзінше ерекшеленетін семантика-грамматикалық белгілері бар. Өзгелік 
етіс қимыл, іс-әрекетті тікелей субъектінің өзі емес, екінші бір субъект-
агенс  арқылы  істелетінін,  іске  асатынын  білдіріп,  сабақты  етістіктен 
белгілі  қосымшалар  арқылы  жасалатын  етіс  категориясының  бірі. 
Мысалы:  Әжесі  немересіне    дүкеннен  сүт  алғызды.  Шешесі  қызына 
ыдыс-аяқ  жуғыздырды.  Ал  ортақ  етіс,  іс-әрекеттің  бір  емес,  бірнеше 
субъекті  арқылы  іске  асатынын  білдіреді.  Мысалы:  Достар  хат 
жазысты. Ол бізге үй салысты. Қонақтар әңгімелесті. Ортақ етіс пен 
өзгелік  етістің  семантикасындағы  ұқсастық:  екеуі  де  қимылдың,  іс-
әрекеттің бір  субъекті  емес,  бірнеше  субъекті  арқылы  орындалатынын 
білдіреді. Ал айырмашылығы: тұлғалық өзгешеліктерінен басқа өзгелік 
етіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субъект-агенс міндетті 
түрде  болады  да,  ол-қимыл,  іс-әрекетті  тікелей  орындаушы,  ал  ортақ 
етісте бұндай құбылыс жоқ [51;510-511]. 
Өзгелік етіс семантикасы жайлы ғалым А.Қалыбаева: «Істің басқа 
біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің түрін өзгелік етіс дейміз. 
Сондай  болған  күнде  де  «істі  басқа  біреу  істегенімен»  оны  істетуші 
субъектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субъектінің негізгі түрі 
екенін  айтпай  кетуге  болмайтын  сияқты.  Сөйтіп,  өзгелік  етісте  екі 
субъектілік ұғым бар деуге болады»,- деген [20;41]. 
Өзгелік және ортақ етіс мағыналарында қимыл, іс-әрекеттің екеу 
немесе  одан  да  көп  субъектінің  көмегімен  іске  асатын  ерекшелігі 
арқылы субъектісі жоқ ырықсыз етіске қарсы қоямыз. 


131 
 
Демек,  семантика-грамматикалық  ерекшеліктеріне  байланысты 
өздік етісті-ырықсыз етіске, ырықсыз етісті-өзгелік пен ортақ етістерге 
қарама-қарсы  қоямыз.  Мысалы:  жуынды  –  жуылды,  сүртінді  – 
сүртілді; 
пісірілді 
– 
пісірткізді, 
пісірісті; 
шақырылды 
– 
шақыртқызды,  шақырысты  және  т.б.    Өзара  іштей  мағынасы  мен 
тұлғасы  жағынан    айырмашылықтары    да  бар  етіс  түрлері  бір-бірімен 
оппозиция  негізінде  жұп  құрайтын  етістіктің    семантикалық 
категориялары  деп есептейміз. 
Рай  категориясы  мәселесі  көп  қырлы  күрделі  тілдік  құбылыс. 
Райдың грамматикалық формасымен берілетін іс-қимыл реальді немесе 
ирреальді болуы мүмкін. Қимылдың реальді / ирреальді оппозициясы – 
бұл  ашық  райдың  бұйрық,  шартты  және  қалау  райға  қарама-
қарсылығы.  
Ашық рай (АР) грамматикалық формаларының жалпы мағынасы 
– қимылдың реальділігін (іске асатындығы) білдіру, ал бұйрық рай (БР) 
мен  шартты  рай  (ШР)  грамматикалық    формаларының    жалпы 
мағынасы  –  іс-әрекетке  қозғау  салу  және  іс-әрекеттің  болу-болмауын 
шамамен болжап көрсету [63;106]. 
Қазақ  тіл  білімінде  А.Ысқақов  амалдың  (әрекеттің,  қимылдың 
т.б.)  ақиқатқа  қатысын  білдіруіне  қарай,  етістік  райлары  іштей 
сараланып,  ашық  (негізгі)  райлар  және  неғайбыл  (жәрдемші)  райлар 
деп  аталатын  екі  салаға  бөледі.  Олардың  негізгі  сипаттары  мен 
айырмашылықтары  мынадай:  1)    Ашық  (негізгі)  райда  арнаулы 
грамматикалық  көрсеткіштер  болмайды,  неғайбыл  (жәрдемші) 
райларда  арнаулы  қосымшалар    болады.  Арнаулы  көрсеткіштері 
болатыны  және  болмайтынына  қарай,  неғайбыл  райлар  мен  ашық  рай 
бір-біріне  қарама-қарсы  қойылып  қаралады.  Демек,  олар  формалары 
жағынан  көрсеткішті  және  көрсеткішсіз  райлар  деп  танылады  да, 
семантика-грамматика жағынан ашық (негізгі) рай амалдың (әрекеттің, 
қимылдың)  реальді  екенін,  ал  неғайбыл  (жәрдемші)  райлар  амалдың 
реальді  емес  екенін  білдірулеріне  орай  бір-біріне  қарсылас 
категориялар  деп  танылады.  2)  Ашық  рай  амалды  реальді  етіп 
көрсететіндіктен,  мезгіл  ұғымымен  -  өткен,  қазіргі  және  келер 
шақтармен  байланысты  болады  да,  сөйлеу  тілінде  сол  шақ  формалары  
арқылы көрінеді. Ал неғайбыл райлар амалдың реальді емес (нареальді) 
екенін,  яғни  амалдың  негативті  сипатын  білдіріп,  олардың  бұйыру, 
қалау,  шарт  ету,  қажет  санау,  ләзім  көру  тәрізді  модальдік  реңктер 
түрінде  атайды  да,  тек  келешекке  мегзегені  ғана  болмаса,  шақ 
категориясына тікелей қатыспайды [3;312-313].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет